САРЫСУ АУДАНЫНДАҒЫ «САРЫСУ ТУР» ТУРИСТІК МАРШРУТЫ

Саудакент қалашығы

Саудакент қалашығы Х-ІҮ ғғ., Саудакент ауылының оңтүстік бөлігінде, Шабақты өз. оң. жағалауында орналасқан. Саудакент қалашығы - Сарысу ауданы, Саудакент ауылында орналасқан ортағасырлық қала жұртының орны. Қаланы 1901 жылы В.А.Колосов зерттеген. Саудакенттің орны тікбұрышты келген, көлемі 230 және 160м., биіктігі 6 метрлік төбе. Қала орнында 11 мұнараның орындары сақталып қалған. Саудакент арқылы Жібек жолының сауда керуендері өткен. 1946 жылы Ә.Марғұлан жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде қала орнынан сырланбаған қыш ыдыстар, мал сүйектері шыққан. 1980 жылы қала орнына Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұржайы өлкетанушы Қ.Байбосыновтың жетекшілігімен зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі кезде қала жұртының орнына қазба жұмыстарын жүргізу қолға алынды.

 

Дата публикации
14 июля 2023