Жергілікті ауқымды табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы
1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 қаулысына сәйкес, Сарысу аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2023 жылғы 3 қаңтардағы №1 хаттамасы негізінде, Сарысу ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты және елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, Сарысу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жамбыл облысы Сарысу ауданы аумағында жергілікті ауқымды табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Төтенше жағдайды жою тобының басшысы болып Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Мамытов Сәкен Үмбетұлы тағайындалсын.
  3. «Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппараты» КММ заңда белгіленген тәртіппен осы шешімнің ресми жариялануын және әкімдіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
  5. Осы шешім қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сарысу ауданының әкімі      М.Сұлтанғалиев

 

Дата публикации
05 января 2023