Жеке және заңды тұлғалардың адам денсаулығы мен жануарлардың саулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттың құнын өтеу бойынша арнайы комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Жеке  және   заңды  тұлғалардың   адам  денсаулығы мен  жануарлардың саулығына ерекше қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген  жануарлардың,  жануарлардан  алынатын  өнімдермен  шикізаттың құнын  өтеу  бойынша  арнайы  комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ       

Жаңатас қаласы                                                                         «29»  сәуір 2022 жыл                

Комиссия төрағасы:  Көкей  Олжас Тұрғынұлы - Сарысу ауданының    әкімінің орынбасары.

Қатысқандар: Қ.Т. Баулыбеков, Д.Е. Пернебаев, А.А. Оспанов, Ш.Б. Абдрахманов, А.Қ. Аманов.

КҮН ТӘРТІБІ:                                                                                                                             Алып қоймай  залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған)  және қайта өңделген  жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын өтеудегі  бағасын қабылдау

 А.А.Оспанов, А.Қ.Аманов.

1.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің                                2014 жылғы 30 қазандағы  «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» №7-1/559 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика департаментінің деректері негізінде комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарысу аудандық аумақтық инспекциясының, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдермен  шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібінің, орташа айлық нарықтық құнын бағалап, бағасын белгілеу туралы 2022 жылғы «29» сәуірдегі      №07-18/130  ұсынысы қабылдансын.

  1. Осы келісілген шешімге сәйкес алып қойылатын  және  жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) қағидаларымен шарттары бойынша  2022 жылдың  наурыз айына орташа  айлық нарықтық құнын өтеудегі  бағасын белгілеу туралы акт жасалсын.                                                                

Комиссия төрағасы                                                              О. Көкей

Хаттамалаған: Б.Е.Бошай _____________                                                                                                                                                 

Алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған ) және қайта өңделген  жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын өтеудегі  бағасын белгілеу АКТІСІ

Жаңатас қаласы                                                                     «29» сәуір  2022 жыл 

Біздер төмендегі қол қоюшылар, Сарысу ауданы  әкімінің 2021 жылғы «16» сәуірдегі  № 133-Ө өкімімен бекітілген  «Жеке және заңды тұлғаларға  жануарлардың денсаулығы мен адам денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылмай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған)  және қайта өңделген жануарлардың,  жануарлардан алынатын өнімдер шикізаттың  құнын өтеу бойынша арнайы комиссия»  мүшелері, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарысу аудандық аумақтық инспекция басшысы Баулыбеков Қ.Т., Сарысу ауданы мәслихатының депутаты Аманов А.Қ., «Атамекен» ҰКП Жамбыл облысы кәсіпкерлік палатасының Сарысу аудандық филиал директоры Абдрахманов Ш.Б., Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқарманың Сарысу ауданының ветеринарлық станциясының директоры Оспанов А.А., Сарысу аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Пернебаев Д.Е. бір ауыздан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» №7-1/559 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің  Статистика департаментінің деректері негізінде алып қоймай және қайта өңделген жануарлардың, өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібінің  2022 жылдың наурыз айына төмендегідей орташа айлық нарықтық құнын өтеудегі  бағасын белгіледі.

Жануарлар және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың түрлері

Бағасы, теңге

УАҚ МАЛДАР

Қошқарлар

55 000

Саулық  қойлар

50  000

6 айдан 1 жасқа дейінгі тоқтылар

33 000

1 жастан үлкен ұрғашы тоқтылар

36 000

6 айға дейінгі қозылар

22 000

Ересек   ешкі

31 000

1 жасқа дейінгі   лақтар

18 974

Қой еті/кг

2 200

МҮЙІЗДІ ІРІ ҚАРА

Сүтті табынның бұқалары

317 490

Етті табынды бұқалары

331 964

Сүтті табынның сиырлары

289 828

Сүтті табынды ірі қара малдарының төлдері

192 354

Сүтті табынның 1 жасқа дейінгі  бұзаулары

150 000

Етті табынның сиырлары

309 839

Етті табынды ірі қара малдарының төлдері

229 783

Етті табынның 1 жасқа дейінгі  бұзаулары

140 000

Сиыр еті/кг

2 300

ЖЫЛҚЫЛАР

3 жастағы және одан үлкен жылқылар

450 000

3 жасқа дейінгі жылқылардың төлдері

314 643

1,5 жасқа дейінгі құлындар

209 045

Жылқы еті /кг

2 500

Комиссия төрағасы                                                                        О. Көкей

 Хаттамалаған: : Б.Е.Бошай _____________                                                                                                                                                    (қолы)

КЕЛІСІЛДІ

БАУЛЫБЕКОВ

Қанат Тәңірбегенұлы

-

ҚР АШМ ВБҚК Сарысу аудандық аумақтық инспекция басшысы

ПЕРНЕБАЕВ

Дуйсенбек Елеусінұлы

-

Сарысу аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі

 

АМАНОВ

Аслан Қайратұлы

-

Сарысу аудандық мәслихат депутаты

АБДРАХМАНОВ Шыңғы Басиеұлы

-

«Атамекен» ҰКП Жамбыл облысы кәсіпкерлік палатасының Сарысу аудандық филиалының директоры

ОСПАНОВ

Ақылбек Аяжанұлы

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқарманың Сарысу ауданының ветеринариялық станциясының директоры

 

 

Дата публикации
11 мая 2022