Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың
ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органдарымен (әрі қарай - ЖАО) 66 қызмет көрсетіледі.
2021 жылдың ІІІ тоқсанында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 3590 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
2021 жылдың ІІІ тоқсанында ЖАО-мен қызметті көрсетуден бас тарту фактісі, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмады. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер жоқ.
Сарысу ауданының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсанында 4 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау).
Сарысу ауданы әкімінің аппаратының жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес 3 мекемеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.