Сайлау округтерінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері

 «Сарысу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Сарысу аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы

№1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы                     11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде Сарысу аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Сарысу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.1. Сарысу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 12 (он екі) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Осы қаулы Сарысу аудандық мәслихатына жіберілсін.
  2. Осы қаулы Сарысу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Сарысу» газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Төраға                                                                          Д. Шортанбаев

 Хатшы                                                                            М. Кумісбеков

 

 Жаңатас қаласы,

13 қазан 2026 жыл

№9

 

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының

2026 жылғы 13 қазандағы №9

қаулысына қосымша

Сарысу аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша

бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары

 №1 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жаңатас қаласы,             1-шағынаудан, №27, «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Сарысу ауданындағы №26 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Жаңатас қаласы.

Құрамына №363 сайлау учаскесінің шекаралары кіреді.

 №2 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жаңатас қаласы,             2-шағынаудан, №15, «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Сарысу ауданының білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Жаңатас қаласы.

Құрамына №364 сайлау учаскесінің шекаралары кіреді.

 №3 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 3-шағынаудан, №36, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Жаңатас қаласы.

Құрамына №365 сайлау учаскесінің шекаралары кіреді.

 №4 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Қ.Шағыров көшесі, №2В, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Жаңатас қаласы.

Құрамына №366 сайлау учаскесінің шекаралары кіреді.

 №5 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 6-шағынаудан, №20, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Абылай хан атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Жаңатас қаласы.

Құрамына №367 сайлау учаскесінің шекаралары кіреді.

№6 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, С.Мұқанов көшесі, №1А ғим., «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жаңатас көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

Шекаралары: Жаңатас қаласы, Түркістан ауылдық округінің Ә.Бүркітбаев, Үшбас, Арыстанды ауылдары.

Құрамына №527, №386 және №387 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№7 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Әль-Фараби көшесі, №1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Жаңатас қаласы.

Құрамына №368 және №369 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№8 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Ұ.Сыздықбаев көшесі, №6 ғим., «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Сарысу ауданындағы №28 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Байқадам ауылдық округінің Саудакент ауылы, Жаңаталап ауылдық округінің Ұйым және Жаңаталап ауылдары.

Құрамына №370, №372 және №373 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№9 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Өндіріс ауылы, Жұмабеков көшесі, №21, Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Өндіріс ауылдық клубының ғимараты.

Шекаралары: Байқадам ауылдық округінің Саудакент ауылы, Игілік ауылдық округінің Өндіріс және Игілік ауылдары.

Құрамына №371, №374 және №375 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№10 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Ұ.Сыздықбаев ауылы, Р.Қабылұлы көшесі, №4, «Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ұ.Сыздықбаев ауылдық клубының ғимараты.

Шекаралары: Жаңаарық ауылдық округінің Ұ.Сыздықбаев және Ақтоғай ауылдары.

Құрамына №379 және №380 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

№11 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Жайылма ауылы, К.Донбайұлы көшесі, №2а, «Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жайылма ауылдық клубының ғимараты.

Шекаралары: Жайылма  ауылдық округінің Жайылма, Ақтам, Қызылдихан және Маятас ауылдары.

Құрамына №376, №377 және №378 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 №12 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылы, Саңырақ батыр көшесі, №10, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің Түгіскен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Шекаралары: Тоғызкент ауылдық округінің Тоғызкент, Әбілда және Майлыкөл ауылдары, Досбол ауылдық округінің Досбол, Шағалалы, Кіші Көкдала және Үлкен Көкдала  ауылдары, Қамқалы ауылдық округінің Шығанақ, Қамқалы және Жайлаукөл ауылдары.

Құрамына №381, №382, №383, №384 және №385 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

Дата публикации
16 октября 2026