2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

  

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихаты депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
14-бабының 2) және 8) тармақшаларына және «2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
13 қазандағы №60/99 қаулысы және «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
13 қазандағы №21 қаулысы  басшылыққа алынсын.

  1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (әрі қарай- Күнтізбелік жоспар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Сарысу» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                             Д. Шортанбаев

  

Хатшы                                                                             М. Кумісбеков

 

Жаңатас қаласы,

13 қазан 2026 жыл

№10

Дата публикации
13 октября 2026