Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Сарысу ауданы Жаңатас

қаласы әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына,  113-1 бабының
1-тармағына сәйкес, Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.    2026 жылғы 8 қарашаға Сарысу  ауданы Жаңатас қаласы әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалған Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Төраға                                                                            Д. Шортанбаев

  

Хатшы                                                                           М. Кумісбеков

 

 

Жаңатас қаласы,

30 қыркүйек 2026 жыл

№8

 

Дата публикации
30 сентября 2026