Сарысу ауданында Жаңатас қаласы әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

Сарысу  ауданында Жаңатас қаласы

әкімін сайлау бойынша

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                          3-тармағына, 22-бабына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы               ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сарысу  ауданы Жаңатас қаласының әкімін сайлау бойынша Жаңатас қаласы шекарасында сайлау округі құрылсын.

2. Сайлау округі және оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

  

Төраға                                                                                     Д. Шортанбаев

  

Хатшы                                                                                     М. Кумісбеков

 

 

Жаңатас қаласы,

30 қыркүйек 2026 жыл

№7

Дата публикации
30 сентября 2026