«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының Заңын, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының 2025 жылғы 4 тамыздағы шығыс № 1157 хатына және Жамбыл облысындағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекетітк аппаратының қызметін бюрократиядан арылту бойынша ұсыныстарға сәйкес, отырып Сарысу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ереженің 2-бөлімінің 16-тармағы мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптардың бұзылуы бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарайды, әкімшілік жаза қолданады;
13) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
14) ауданның мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
15) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады.
Аудан әкімі С. Мамытов
Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «29» мамырдағы
№ 130 қаулысына 1-қосымша
«Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ережесіне енгізілген толықтырулар
Ережеде:
16-тармақ мынандай мазмұндағы 12), 13), 14), 15) тармақшаларымен толықтырылсын:
12) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптардың бұзылуы бойынша «Әкімшілік құқық бұқушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарайды, әкімшілік жаза қолданады;
13) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
14) ауданның мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
15) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады.
Енгізілген толықтырулар 2020 жылы 29 шілдедегі №173 Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ереженің ажырамас бөлігі болып есептеледі.