ХАБАРЛАНДЫРУ

     Құрметті аудан тұрғындары!

        Сарысу ауданы бойынша 9 ауылдық округі әкімінің аппаратында (Байқадам, Жайылма, Игілік, Жаңаталап, Жаңаарық, Түркістан, Тоғызкент, Досбол, Қамқалы) Сіздер үшін «Құқықтық кабинет» жұмыс жасауда.

         Құқық кабинеті – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) ала алатын орын.

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ге дейін.

Құқық кабинеті мынадай нысаналы міндеттерді шешуге бағытталған:

  • ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру;
  • ауыл тұрғындарын әртүрлі бағыттарда өздерінің заңды құқықтарын қорғаудың және қорғаудың құқықтық құралдары туралы хабардар ету;
  • ҚР заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеру.

Құқық кабинеті келесі талаптарға сай жабықталған:

  • кабинет құқықтық ақпарат алу үшін ыңғайлы;
  • қажетті компьютерлік техникамен (принтер, телефон, веб камера) және «Әділет» АҚЖ, «ZAN» деректер базасымен қамтамасыз етілген;
  • келушілерді және өтініштерді тіркеу журналы ашылған;
  • мемлекеттік қызметтер саласында базалық білімі бар заңнамада және көрсетілген ақпараттық жүйелерде жұмыс жасай алатын маман бекітілген;
  • Құқық кабинетінің компьютерлік техникалары интернет желісіне қосылған.

Әрбір аудан тұрғыны, өзіне қажетті заң нормаларымен танысуға, олардан үзінділер алуға, сұрақтар қойып, тегін кеңес алуға мүмкіндігі бар.

 

 

                                                                  Сарысу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі

Дата публикации
25 июня 2026