«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» аудандық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1.1. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» аудандық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты: мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты рәсімдеу жолдарын насихаттау. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарын орындалуын қадағалау.
2.1. Байқаудың ұйымдастырушысы: «Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2.2. Байқау жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізіледі.
2.3. Байқау аясында қоғаммен, квазимемлекеттік сектормен, жергілікті кәсіпкерлік субъектілерімен (шағын, орта және ірі бизнес) байланыс орнатылады.
3.1. Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
3.2. Байқаудың жеңімпазы облыстық кезеңге қатысады. Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.
3.3. Байқау 1 кезеңнен тұрады.
3.4. Жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар 2025 жылдың 1 қазанынан кейін әзірлеген және аударған жарнама мәтіндерінің тізбесін;
3.5. Тауар өндіруші:-өзі шығаратын барлық тауарларының толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтарының фотосуреттерін;
3.6. Ғимаратта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттын, баға көрсеткіштерінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекі ақпараттың фотосуреттерін;
3.7. Азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып рәсімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы қажет.
3.8. Байқауға соңғы 3 жылда бас жүлде және бірінші орын алған жеңімпаздар қатыстырылмайды.
Материалдар портфолио түрінде өткізу қажет !
4.1.Байқауға қатысушылардың жұмысын мемлекеттік тілдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген арнайы мамандар, жалпы үш адамнан тұратын қазылар алқасы бағалайды.
4.2. Ұсынылған материалдар Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әлеуметтік желідегі парақшаларына орналастырылады.
4.3. Байқауға қатысу туралы өтінім 2026 жылғы 15 мамырға дейін электронды пошта арқылы sarysu_madeniet_zh_til@mail.kz мекенжайына немесе Whatsapp, Telegram арқылы 87784892020 нөміріне жолдауларыңызды сұраймын.
Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп ұсынылған өтінімдер қаралмайды.
Байланыс телефоны: 8(726 34) 6-36-02