
Ішкі саясат бөлімінің штаттық құрылымы 9 бірлікті (мемлекеттік қызметкер - 5, азаматтық қызметкер – 4) құрайды.
Аталған бөлім құзыретіне қарай облыс әкімдігінің ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, дін істері басқармалары, «Жамбыл облысының Рухани жаңғыру жобалық офисі» КММ, «Жамбыл облысының әкімдігі ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ, «Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ мекемелерімен тығыз жұмыс жасайды.
Бөлім жұмысының негізгі бағыттары: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын, бағдарламалық құжаттарын іске асыру, БАҚ арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, этнос және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізу.
Бөлімге қарасты аудан әкімдігі жанындағы 3 комиссия (Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес, аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия және аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі) қызмет атқарады. Жылына 2 рет комиссия өткізіліп, тиісті мәселелер қаралады.
Аудан аумағында тіркеуде тұрған 26 үкіметтік емес ұйымдар бар, олардың 19-і қоғамдық бірлестік, 2-і қоғамдық бірлестік филиалы, 4-і қоғамдық қорлар болып табылады.
2023 жылы МӘТ шеңберінде 7 лот жарияланды.
Тақырыптары:
1) Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға бейімдеуге бағытталған әр-түлі іс-шаралар кешені;
2) Тұрғындар арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық, профилактикалық, танымдық жұмыстар жүргізу;
3) Ардагерлерді қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
4) Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру;
5) Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру;
6) Отбасы институты мен гендерлік саясатты нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
7) Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
Сарысу ауданында Жаңатас қаласы және 9 ауылдық округ, 25 елді мекен бар. Қазіргі уақытта 10%-дан аса өзге этнос өкілдері тұрады.
Аудан бойынша халық саны 44127 адамды құрайды. Оның ішінде: Қазақтар – 40125 яғни 90,9%; Орыстар – 1991 яғни 4,4%; Күрді – 507 яғни 1,2 %; Басқа да этностар – 1504 яғни 3,5 % құрайды.
Ауданда 7 этномәдени орталық: «Радонеж» славян, «Возрождение» неміс, «Барбанг» күрді, «Өзбек» өзбек, «Манас» қырғыз, «Әулие ата» қазақ, «Карио» кәріс өкілдіктері жұмыс істеуде.
2023 жыл ішінде «Рождество», «Алғыс айту», «Наурыз», «Отбасы күні», «Бірлік күні», мамыр мерекелері, ауданның 95 жылдық мерекесінде қоса алғанда 48 іс-шара ұйымдастырылды.
Бөлім тарапынан аудандық «Sarysu», облыстық «Знамя труда», «Ақжол», «Арай» мерзімді басылымдар, облыстық телеарналар және ақпараттық агенттіктер мен порталдар арқылы мемлекеттің БАҚ саясатын іске асырылады.
2023 жыл ішінде ауданда атқарылған жұмыстар мен іске асырылған жобалар туралы материалдар саны: *республикалық телеарналар – 42 материал; *республикалық газеттер – 9 материал; *облыстық телеарналар – 138 материал; *облыстық газеттер – 109 материал; *агенттіктер мен сайттар – 2369 материал; *аудандық «Sarysu» газетінде – 1460 материал жарияланған. *әкімдіктің парақшалары (facebook - 2798, іnstagram - 1245) барлығы - 3937 материал. Әкімдіктің ресми сайты барлығы – 320 материал жарияланған.
Аудан аумағында 3 конфессиядан тұратын діни бірлестіктер мен филиалдар, оның ішінде ҚМДБ-ға қарасты 18 мешіт пен христиандық бағыттағы 2 шіркеу мемлекеттік тіркеуден өткен.
18 мешіттің 3-уі: Ақтоғай, Жайлаукөл және Қамқалы ауылдық мешіттер имам тағайындалмауына байланысты қызмет жасамайды. Қазіргі уақытқа Арыстанды ауылында мешіттің құрылысы жүргізілуде.
Жаңатас қаласында медресеге арналған ғимараттың құрылыс жұмыстары басталған. Дегенмен, бүгінгі таңда жұмыс тоқтап тұр.
Аудандағы 18 мешіттің жылыту жүйесі: орталық қазандық – 1, газ - 1, көмірмен - 5, электрлі жылыту жүйесі - 5, электрлі пеш - 3. Қалған 3 мешіт (Қамқалы, Жайлаукөл, Үшбас) қызмет жасамайды.
Жаңатас қаласы 2 шағын ауданда орналасқан «Иегова куәгерлер» мен «Агапе» діни бірлестіктері қызмет атқарады.
Ауданда христиандық бағыттағы шіркеулерге келушілердің саны шамамен 35 адам. Келушілер аптаның жексенбі күні жиналады.
Бүгінде аудандағы 18 мешіттің 14-інде арнайы бұйрықпен имам тағайындалған.
Қызмет атқарып жатқан барлық имамдар ислами біліктілігін арттыру курсынан өткен. (Аудандық бас имам А.Кәрімбаев «Сарығаш медресе-колледжі» «Исламтану» мамандығы бойынша бітірген).
2023 жылы дін саласы бойынша «Сарысу» газетінде 14 материал, «фейсбук» және «инстаграм» желідегі «Дін Сарысу ақпараттық парақшасында» парақшасында 89 материал жарияланды.
Аудандық дін саласындағы 11 ақпараттық-түсіндіру топтары (1 аудандық, 1 қалалық, 9 ауылдық) жұмыс жасайды. 2023 жыл қаңтар - желтоқсан айында, білімгерлер мен оқушылар, түрлі сала қызметкерлері, жұмыссыз топ және ауыл тұрғындарымен барлығы 60 іс-шара өткізіліп, 5000-ға жуық адам қамтылды.
2020 жылғы 30 маусымдағы аудандық мәслихатының №77-3 шешімімен 1 орын жиналыс пен митинг өткізуге, 1 орын шерулер мен демонстрациялар өткізуге маршруты бекітілген.
Жалпы, ауданда барлығы 124 мекемеде барлығы 115 Мемлекеттік Ту және 340 Елтаңба орналасқан. Оның ішінде: Ғимарат сыртында – 87, басшы кабинетінде – 61, мәжіліс залдарында – 7, рәміздерге арналған бұрыштар – 29, стендтерде – 32.
Сарысу ауданында барлығы – 177 көрнекі ақпарат құралы ораналасқан. Оның ішінде: әртүрлі өлшемдерде 85 билборд, 1 призматрон, 1 ледэкран, Жаңатас қаласы мен Түркістан, Досбол ауылдық округ көшелеріндегі жарық бағаналарында орналасқан 78 лайтбокс және нақыл сөздер жазылған 12 арка бар.
Бұл каркастарға әртүрлі мазмұнда 15 тақырыптық баннерлер (олар: Сарысу ауданының 95 жылдығына – 10 билборд, Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына – 6 билборд, Пернебай Дүйсенбин 80 жаста – 3 билборд, Есірткіге жол жоқ – 2 билборд, Жол жүру қауіпсіздігіне – 6 билборд, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру – 4 билборд, Абай, М.Әуезов, Б.Момышұлының және тағы басқа ұлы тұлғалардың нақыл сөздері – 18 билборд, Әскерге шақыру туралы – 4 билборд, Сібір жарасы туралы – 4 билборд, үй жануарларының иесіз жүруі туралы – 4 билборд, ҚР Президентінің жолдауындағы сөздері – 8 билборд, басқада мемлекеттік бағдарламалар мен атаулы мерекелерге – 17 билборд) орналастырылған.
Былтырғы жылы 100 - ден астам қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралар өткізілді. Барлық көрнекті және белгілі қоғам қайраткерлері мен қабырғалы қаламгерлердің мерейтойлары бойынша жеке жұмыс жоспары бекітіліп, аталып өтті.
Атап айтқанда, республика көлемінде А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы, М.Әуезовтің 125 жылдығы, Д.Қонаевтың 110 жылдығы, А.Асқаровтың 100 жылдығы, Ш.Мұртазаның 90 жылдығы, «Aq jol» газетінің 100 жылдығы және аудандық «Сарысу» газетінің 85 жылдығы сынды мерейтойлар жоғары деңгейде өткізілді.
Сонымен қатар, 12 мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндер бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. (Атап айтқанда: «Алғыс айту» күні, Халықаралық әйелдер мерекесі, Ұлыстың Ұлы күні, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар және Жеңіс күні, саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні, Рәміздер күні, Конституция күні, Республика күні, Тәуелсіздік күні).
Сондай-ақ, «ауған» ардагерлері, «желтоқсаншылар» қоғамдық бірлестігі, «семей полигоны» ұйымы және «чернобыль апаты» ұйымы ардагерлерінің қатысуымен арнайы митингілер мен еске алу шаралары назарған тыс қалған емес.
Аталған іс-шаралар биылғы 2023 жылдың есепті мерзімінде тұрақты түрде өткізіліп келеді.
7 қаңтар - «Рождество» діни мерекесіне орай «Радонеж» славян этно-мәдени орталығының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Шара барысында Жаңатас қаласындағы аз қамтылған отбасындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік сыйлықтар үлестірілді.
15 ақпан - «Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 34 жылдығына» орай, Жаңатас қаласындағы ауған соғысына арналған ескерткіштің алдында митинг ұйымдастырылып, ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі, аудандық мәдениет үйінде мерекелік концерттік бағдарлама және ауған соғысының ардагерлері мен жесірлеріне сахна төрінде сый-сияпаттар табыстау шарасы ұйымдастырылды.
1 наурыз - Алғыс айту мерекесіне орай «Алғысымыз шексіз» қайырымдылық акция аясында қарттар мен аз қамтылған отбасыларға үй шаруашылығына көмек, Арыстанды ауылында «Алғыс айту күні» мерекесіне орай концерттік бағдарлама, спорттық ойындар және күрді этносы ардагерлерін құттықтау шарасы өткізілді.
Сонымен қатар, Жаңатас қаласы, аудандық мәдениет үйінде мерекелік дастархан жайылып, «Қазақстан достық мекені» атты концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандық «Коворкинг» орталығында аудан әкімінің аналарды қабылдады. Кездесу барысында мерекемен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Аталған мереке қарсаңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан аналарға арналған мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
Аудандағы жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің форумын ұйымдастыру жұмыстарына қолдау көрсетілді.
Сондай-ақ, тұрмысы төмен, көпбалалы немесе толық емес отбасылы аналарға материалдық көмектер көрсету қайырымдылық акциясы іске асырылды.
22 наурыз - Жаңатас қаласының орталық алаңында «Берекелі мерекелі - Наурыз» атты театрландырылған көрініс, мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Мерекеге орай арнайы киіз үйлер тігіліп, тұрғындарға мерекелік дастархан жайылды.
26 сәуір – аудандық «Чернобыль апаты» оқиғасына орай Жаңатас қаласында гүл қою рәсімі өткізілді. Сондай-ақ, апатты жоюға қатысқан ардагерлерді қабылдау шарасы ұйыдастырылды.
1, 7 және 9 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Отан қорғаушылар күн» мен «Жеңіс күні» мерекелер қарсаңында аудандық жоспар бекітіліп, аудандық деңгейде іс-шаралар өткізілді.
15 мамыр – «Отбасы күні», 31 мамыр - «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу», 4 маусым - «Рәміздер күні» және 6 шілде – «Елорда күні» мерекелері кеңінен өткізілді.
Қыркүйек - қазан айында «Сарысу ауданының 95 жылдығы», «Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығы», «Пернебай Дүйсенбин 80 жас» сияқты мерейтойлар мен «25 қазан – Республика күні», «Тәуелсіздік күні», «Жыл үздігі – 2023» «Жаңа жыл» мерекелер ұйымдастырылды.