Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қорғау

2022 жылы жалпы әлеуметтік көмек түрлеріне 565 284,0 мың теңге қаралған. Оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмекке 304 996,0 мың теңге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 68 106,0 мың тг., тұрғын үй көмегіне 5 000,0 мың теңге, біржолғы әлеуметтік көмекке 33 000,0 мың теңге, қатты отынға 13 724,0 мың тг.

Нәтижесінде 2022 жылдың І тоқсанда төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізілді:

Атаулы әлеуметтік көмек

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 384 (АӘК) отбасындағы 1950 адамға (бала саны 1285) 38 989,0 мың теңге төленді.

АӘК-ті тағайындау барысында ескерілетін кедейшілік шегі 2021 жылдың 4-ші тоқсанына 25 646 теңге болып бекітілді.

Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 

2022 жылдың алғашқы 3 айында 375 отбасындағы 522 балаға (1-3 жас аралығында 241, 3-6 жас аралығында 281 бала) 9 428,8 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындалып, азық-түлік топтамасы мен гигиеналық құралдар толық үлестірілді.

Біржолғы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі

Тұрғын үй көмегіне 5 000,0 мың теңге қаралған. 2022 жылдың 3 айында 137 отбасындағы 446 адамға 1 200,0 мың теңге тағайындалып, қаржылық жоспарға сәйкес оның 1 200,0 мың тг. төленді.

Біржолғы әлеуметтік көмек –  ағымдағы жылға  33 000,0 мың теңге қаралған.

2022 жылдың 3 айында біржолғы әлеуметтік көмек 96 адамға 8587,0 мың теңге тағайындалып, толық төленді.

Сарысу  аудандық  мәслихатының  2021  жылғы 7 сәуірдегі  № 4-3 шешімімен бекітілген Қағидаға сәйкес диспансерлік есепте тұратын туберкулездің төзімді түрімен ауыратын, амбулаториялық емделуде жүрген 20 науқасқа облыстық бюджеттен 1669,0 мың теңге тағайындалып, толық төленді. Біржолғы әлеуметтік көмек беру бойынша 76 адамға 6 918,0 мың теңге тағайындалып, толық төленді.

Қатты отын – ауылдық жердегі 1 500 әлеуметтік сала маманына 13724,0 мың тг. қаралған, сәуір айынан бастап төленеді.

Мүгедектерді оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтуды арттыру бойынша                      

2022 жылдың І – тоқсанында бөлімге мүгедектер тарапынан оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамту бойынша барлығы 296 өтініш келіп түсіп, барлығы тиісті көмекпен қамтылды.                   

Қолжетімді орта құру  туралы

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №213 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, аудан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қол жетімді орта қалыптастыру үшін бейімделетін нысандар тізімі бекітіліп, 2012-2020 жылдар аралығында аудан бойынша жоспарға сәйкес барлығы 69 нысан бейімделді.

2022 жылы 15 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр. 

Жұмыспен қамту

Бағдарламаның I-ші бағыты: қысқа мерзімді кәсіптік оқу, қайта даярлау – 2022 жылға жұмыссыздар арасынан нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарға 50 адамды қайта даярлау үшін бюджеттен 11 400,0 мың тг. қарастырылды. Қаржылық жоспарға сәйкес оқу курсы 2 тоқсаннан, яғни мамыр айынан бастап жүргізілетін болады.

Бағдарламаның II-ші бағыты: 2022 жылы "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау операторы арқылы 400 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда.

 «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында барлығы 50 адамға несие беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жұмыссыздар, аз қамтылған, көпбалалы отбасылар арасынан 182 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант беру үшін 222,9 мың тг. қаралып, сәуір айынан комиссия шешімі негізінде тағайындау жоспарлануда.

Бағдарламаның III-ші бағыты аясында:

1) Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 60 жұмыс орынға 16,9 мың теңге жоспарланған. І-тоқсанда әлеуметтік жұмыс орындарына 78 адам жолданды.

2) Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 165 орынға 75,8 мың теңге жоспарланған. Жастар практикасына І тоқсанда 56 адам жолданды.

3) Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға бюджеттен 313,7 мың теңге жоспарланған. Қоғамдық жұмыстарға 342 адам жолданды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы