Еңбек жолын 2001 жылы Жаңатас қалалық әскери комиссариатында әскери есепке тіркеу инспекторы болып бастаған.
2003 жылы Жаңатас қалалық әскери комиссариатының 1-ші бөлім бастығының көмекшісі;
2003-2005 жылдары Жаңаңтас қаласы әкімі аппаратының маманы;
2005-2006 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы;
2006- 2009 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының қаржы бөлімінің бөлім бастығы;
2009-2011 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджетінің атқарылуын қамтамасыз ету жиынтық секторының бас маманы, сектор меңгерушісі;
2011-2019 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы;
2019-2021 жылдары Сарысу ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған;
2022 жылдың 26 сәуірінен Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып отыр