Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Шортанбаев Ахан Амангелдіұлы
Түркістан ауылдық округінің әкімі
Общая информация, образование

        Шортанбаев Ахан Амангелдіұлы 1972 жылы 2  тамызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Түркістан совхозында дүниеге келді.

         1979-1987  жылдар аралығында Буденный елді мекенінде Октябрьдің 40 жылдығы атындағы орталау мектепте оқыдым. 1987-1989 жылдары Түркістан совхозындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте 9-10 сыныптарда оқып, жалпы орта білім туралы аттестат алды.

         1990-1992 жылдары Кеңес армиясында әскери борышымды өтедім. 1997-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде менеджмент мамандығы бойынша білім алды.

      2000-2005 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде тарих және география  мамандығы бойынша оқып, жоғары білім алды.

Карьера

         1996 жылы Арыстанды орта мектебіне мұғалім болып қабылданды. Аталған мектепте бірнеше лауазымдық қызметтер атқарды.

         1999-2005 жылдары әскери жетекші болып еңбек етті.

         2005-2006 жылдары директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

          2006-2013 жылдары әлеуметтік педагог болып жұмыс істеді.           

         2016 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. 

       2018 жылдың 9-шілдесінен бастап 2021 жылдың 22 ақпанына дейін Арыстанды орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

      2021 жылдың 23 ақпанынан бастап Түркістан ауылдық округінің әкімі қызметін  атқарып келеді.   

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы