Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округте 92 шаруа қожалығы тіркелген, оның 12-і мал шаруашылығымен айналысады, қалған 80-і егін шаруашылығы мақсатында тіркелген.
Егін шаруашылығы бойынша диқандар 2024 жылдың өніміне 1625 га егістік алқабын отырғызу жоспарлануда. Олар:
- көп жылдық шөптер 1150 (жоңышқа ескі 880 га, жаңадан отырғызылатн жоңышқа 270 га);
- дәндік жүгері 320 гектар,
- көкөніс – 75 га
- бақша - 80 га отырғызу жоспарланып отыр.
Мал шаруашылығы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына;
МІҚ –1 338 бас
Қой-ешкі – 14 059 бас, (11 805 бас қой, 2 254 бас ешкі).
Жылқы –717 бас.
Түйе – 74 бас.
Жалпы мемлекеттің қолдауымен шаруа қожалықтары жайылымдықтардан 9 дана құдық қаздырып, пайдалануда.
Ауылдық округ бойынша 6 шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық субцидия алуға 3111 бас саулық, 157 бас қошқар барлығы 3268 бас уақ малына 10,1 млн теңгеге құжат өткізді.
Лизинг жүйесі арқылы үстіміздегі жылы «Наурыз-2000» шаруа қожалығының төрағасы Б.Жұпарбеков лизингке Lovol 1054 тракторын 14 800.0 мың теңгеге, кун NZP – 2 400,0 мың теңгеге, «Самат» шаруа қожалығының төрағасы С.Тұраров YTO-904 тракторы кун, ковыш вила қосалқы бөлшектерімен 17 500,0 мың теңгеге сатып алынды.