Меню

Страницы

Статья

Тоғызкент ауылдық округінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары жүргізілді

Тоғызкент ауылдық округінде көктем мезгілінің келуімен бірге Конго-қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) алдын алу мақсатында жоспарлы санитарлық-эпидемиологиялық шаралар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар тұрғындардың денсаулығын сақтау және қауіпті жұқпалы аурудың таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынды.

Ауылдық округке қарасты елді мекендерде кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мал қоралары, аулалар, суат маңайы және жайылымдық жерлер арнайы мамандардың қатысуымен залалсыздандырылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына кенеден сақтану жолдары түсіндіріліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

Ауылдық ветеринария қызметі тарапынан үй жануарларына уақтылы дегельминтизация мен инсектицидтік өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар кене арқылы таралатын қауіпті вирустың алдын алуға бағытталған.

Медицина қызметкерлері тұрғындармен кездесулер өткізіп, Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алғашқы белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындарына денсаулықтарына мұқият қарап, кене шағу жағдайында бірден дәрігерге қаралу қажеттігі ескертілді.

Ауыл әкімі мен жауапты мекемелердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде алдын алу шаралары жүйелі түрде жалғасуда. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Дата публикации
23 апреля 2025
Дата обновления
23 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
30 июля 2026
АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
28 июля 2026
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданының Гродеково ауылында орналасқан «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығына арнайы барып, тексерді.
Ақпарат
11 февраля 2026
«Мұқағали – ғасырдың ақиық ақыны» атты аудандық поэзия байқауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы