
Аймақ тұрғындарының негізгі кәсібі - мал шаруашылығы, балық шаруашылығы. Мал басы бүгінгі күнге келесідей қалыптасып отыр:
- мүйізді ірі-қара - 2919 бас
- қой-ешкі – 12945 бас
- жылқы - 510 бас
- түйе - 151 бас
- үй құстары – 310 басты құрады.
Ауылдық округте 18,150 мың тонна мал азығын жинады.
Ауылдық округте 9 шаруа қожалық тіркелген, оның жұмыс істеп тұрғаны 8 шаруа қожалық. МІҚ малын асылдандырумен 1, қой асылдандырумен 2 шаруашылық айналысуда.
Балық шаруашылығымен 1 кәсіпкер айналысуда.