GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
13 мая 2026
Игілік ауылдық округінде 9 Мамыр – Жеңіс күні

Игілік ауылдық округінде 9 Мамыр – Жеңіс күні аталып өтті

9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Игілік ауылдық округі көлемінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді. Бұл айтулы мереке – ерлік пен елдіктің, батырлық пен отансүйгіштіктің символы ретінде ерекше аталып өтті.

Мерекелік шара ауыл тұрғындарының қатысуымен салтанатты түрде басталды. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Жиналған қауым батырлардың ерлігіне тағзым етіп, бейбіт өмірдің қадірін тағы бір мәрте сезінді.

Мәдениет үйінің өнерпаздары мен мектеп оқушылары патриоттық әндер шырқап, Отан, ерлік, бейбітшілік тақырыбында өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, соғыс жылдарындағы қиын кезеңдерді бейнелейтін сахналық қойылымдар қойылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Іс-шара барысында ауыл ақсақалдары мен қонақтар сөз сөйлеп, бүгінгі бейбіт өмір үшін жанын қиған батырларға алғыс білдірді. Жас ұрпақты елін сүюге, тарихты құрметтеуге және патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы ерекше екені айтылды.

Тағылымы мол шаралар ел бірлігін нығайтып, жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Ұлы Жеңістің рухы мәңгі жасай берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

04 мая 2026
ТазаҚазақстан

🔰Қала тазалығы – баршамызға ортақ іс. Қазіргі таңда коммуналдық қызметкерлер таңнан бастап көшелерді тазалап, аумақтарды ретке келтіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. Олар қаланың көркі мен тұрғындардың жайлы өмірі үшін аянбай еңбек етуде. #ТазаҚазақстан
#TazaQazaqstan
#Жамбылоблысы
#Жамбылскаяобласть

22 апреля 2026
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

14 апреля 2026
Мұнай өндіру азайғанына қарамастан 3%-дық өсім бар

Мұнай өндіру азайғанына қарамастан 3%-дық өсім бар
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті. Ресми түрде – бұл орташа нәтиже. Бірақ егер оны факторларға бөліп, құрылымына қарасаңыз, әңгіме сәл өсу туралы емес, мұнай тасымалы сынды негізгі экспорттық сектордың ауыр қысымына қарамастан өсімнің бой көрсетіп отырғаны туралы екенін түсінесіз.

10 апреля 2026
Заманауи техника – табысты еңбек кепілі: Нұрхат шаруа қожалығына жаңа Беларус 892.2 келді

Игілік ауылдық округіне қарасты "Нұрхат" шаруа қожалығының төрағасы Нұрманов Бауыржан ауыл шаруашылығы жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында заманауи техникалар қатарын толықтыруда. Осы бағытта шаруашылық "Беларус 892.2" тракторын лизинг арқылы сатып алды. Бұл техника жоғары өнімділігімен, жанармай үнемділігімен және әртүрлі ауыл шаруашылығы жұмыстарын орындауға бейімділігімен ерекшеленеді.

Жаңа трактор егіс алқаптарын өңдеу, тұқым себу, жер жырту және басқа да агротехникалық жұмыстарды сапалы әрі уақытылы атқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, лизингтік бағдарлама арқылы алынған техника шаруашылықтың қаржылық жүктемесін жеңілдетіп, өндіріс көлемін ұлғайтуға жол ашады.

Нұрманов Бауыржанның айтуынша, алдағы уақытта шаруашылық техникалық базаны одан әрі нығайтып, өнімділікті арттыруды жоспарлап отыр.

11 марта 2026
15 наурызда өтетін республикалық референдум

Референдумға 31 елден 185 шетелдік журналист келеді Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды халықаралық деңгейде ақпараттандыру үшін шетелдік журналистер келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев Орталық референдум комиссиясының отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шара еліміздегі маңызды саяси оқиғаның ашықтығын қамтамасыз ету үшін маңызды.

04 марта 2026
Жаңа Конституция жобасы

Жаңа Конституция жобасы – елдің құқықтық негізін жетілдіруге бағытталған маңызды құжат. Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру қағидаттары айқын көрініс тапқан.

Атап айтқанда, адамның құқықтары мен қадір-қасиетін ең жоғары құндылық ретінде тану – мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы дамуына берік негіз қалайды. Бұл қағида қоғамдағы әділдік пен теңдікті нығайтып, әрбір азаматтың заң алдында тең болуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жобада билік тармақтарының жауапкершілігін күшейту, халықтың мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері қамтылған. Мұндай бастамалар елдегі демократиялық үрдістердің дамуына серпін береді.

Жалпы алғанда, Жаңа Конституция жобасы – тұрақты даму мен қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған стратегиялық қадам.

25 февраля 2026
Жаңа Конституцияның жобасы

Жаңа Конституцияның жобасы заманауи талаптарға сай әзірленген кешенді құжат ретінде қоғам дамуының басым бағыттарын айқындайды. Онда азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыру, мемлекеттік институттардың тиімділігін күшейту көзделген. Әсіресе, заңның үстемдігін қамтамасыз ету мен жауапкершілікті арттыру тетіктері нақты көрсетілген. Жоба қоғамның пікірін ескере отырып, ашықтық және жариялылық қағидаттарына сүйеніп дайындалған. Бұл бастама мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Аталған құжат елдің тұрақты әрі әділетті дамуына бағытталған маңызды қадам болып саналады.

24 февраля 2026
Жаңа Конституция
Жаңа Конституцияның жобасы – қоғам сұранысына жауап беретін маңызды құжат. Бұл бастама ел дамуының жаңа кезеңін айқындап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған. Құжатта заң үстемдігін күшейту, әділеттілік қағидаттарын орнықтыру және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға басымдық берілгені байқалады.
Жаңа Конституцияның жобасы тек құқықтық негізді жаңарту емес, сонымен қатар елдің тұрақты дамуына серпін беретін стратегиялық қадам ретінде қарастырылады. Бұл бастама қоғамдағы сенімді күшейтіп, мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті тереңдете түседі.
13 февраля 2026
Конституция бойынша референдум

Мәулен Әшімбаев: Конституция бойынша референдум – саяси жүйені демократияландыру жолындағы маңызды қадам Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы қаласында мәслихат депутаттарымен, жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен және белсенді жастармен кездесті. Іс-шаралар барысында жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен алдағы республикалық референдум аясындағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы