2023 жылғы қорытынды есеп
Игілік ауылдық округінің әкімі Ж.Жанайдаровтың 2024 жылғы 08 ақпандағы баяндамасы
Игілік ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттері бойынша 2023 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша хабарламасы. Құрметті ауыл тұрғындары! «Игілік ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Заңдарына, Үкіметтің қаулыларына, облыс және аудан әкімдері, аудандық Мәслихаттың және өз бақылауындағы құжаттарды басшылыққа алып жұмыс атқарып келеді. Игілік ауылдық округі 2001 жылы 2 қазанда құрылған. Жер көлемі 124 084,5 гектар аумақты құрайды. Оның ішінде суармалы жер 1 535,12 гектар, жайылым – 38 768,16 га, шабындық – 2 889,52 га. Ауылдық округке 2 елді мекен Өндіріс, Игілік, ауылдары қарайды. Соның ішінде қазіргі уақытта Игілік ауылдық округі бойынша 560 отбасында 2538 адам есепте тұрады. Жыл басынан бері 34 нәресте өмірге келді. Ауылдық округ бойынша ауыл тұрғындарына қызмет ететін әлеуметтік нысандар 2 орта мектеп, 1 балалар өнер мектебі, 1 бала бақша, 2 шағын орталық, 2 ауылдық клуб үйі, 2 ауылдық кітапхана, 2 пошта бөлімшесі, 1 фельдшерлік – акушерлік пункті, 1 дәрігерлік амбулатория, учаскелік полиция тірек пункті. Ауыл тұрғындары бос уақытын тиімді пайдалану үшін елді мекендерде 2 спорт зал, 3 саябақ, 2 футбол стадионы, 2 шағын футбол алаңы, 5 балалар ойын алаңы, 2 стрит воркаут алаңшалары қызмет етеді. Әлеуметтік сала бойынша: Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек бойынша 7 отбасының өтініші қаралып, тиісінше 2 806 785 теңге қаржы төленді. «Асар» жобасы аясында Өндіріс ауылының тұрғыны Әлімбекова Индираның тұрғын үйіне күрделі жұмыстар жүргізілді. Ауылдық округте аз қамтылған 12 отбасыға, демеушілер тарапынан азық түлік пакеттері, қысқы қатты отын, қаржылай көмектер берілді. Әскери міндеттілерді әскерге шақыруды ұйымдастыру Жастардың 2023 жылғы көктемгі және күзгі әскер қатарына баруын қамтамасыз ету барысында ауылдық округ бойынша 90 бала әскерге шақырылып, 11 жасөспірім Отан алдындағы борышын өтеуге әскер қатарына жіберілді. Ауылдық округтің негізгі бағыты ауылшаруашылығы саласы. Ауылдық округте жер көлемі 84403,5 гектар аумақты құрайды. Оның ішінде суармалы егістік 1489,8 гектар, жайылымдық – 46064,12 га, шабындық – 2051,13 га. Ауылдық округтің негізгі бағыты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, оның ішінде мал азығын дайындау болып табылады. Бүгінгі күнге МІҚ 2724 басты, қой-ешкі 24852 мың басты, жылқы малы 989 басты, түйе 381, құс 1570 басты құрап отыр. Ауылдық округте 132 шаруа қожалығы бар, оның 105 -і егіс егумен айналысады. Биылғы жылы диқандар 2862 гектар аумаққа дәнді дақылдар орналастырып өнімдерін жинады, оның ішінде, 600 гектар жүгеріден – 55 970 центнер, 335 гектар күздік бидайдан - 2177 центнер, 420 гектар арпа дақылынан 2688 центнер, 900 гектар мақсары дақылынан – 3870 центнер өнім алынды. Егістік жер алқабын тыңайтып, ауыспалы егіс жүйесін пайдаланатын диқандар 600 гектарға жоңышқа отырғызса, оның ішінде жаңа жоңышқа 300 га құрап 39 864 центнер өнім алынды.7 га бақша өнімдері егілді. Қысқы мал азығын дайындау жұмыстары да қарқынды жүргізілді 36 дана ауыл шаруашылық техникалары қатысып 14 300 тона мал азығы дайындалды. Ветеринария саласы бойынша Жыл қорытындысы бойынша МІҚ 2631 басты, қой-ешкі 19989 мың басты, жылқы 1114 басты, түйе 364, құс 1570 басты құрады. 2023 жылы «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» ауруының алдын алу мақсатында кенеге қарсы Игілік ауылына қарасты ауыл шаруашылығы жануарлары «Люси диазинон», «Креолин» дәрілерімен 15074 бас уақ мал, 1261 бас міқ, 309 бас түйе, 479 бас жылқыны шомылдыру арқылы 3 мәрте дәріленді. Сонымен қатар 225 аулаға «Дуплекс плюс» дәрісімен 3 кезең бойынша заласыздандыру жұмыстары жүргізілді. Барлығы 65700 шаршы метр. Жұмсалған қаржы 1 900 700 теңге. Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары уақытылы жүргізіліп отыр, кезең кезеңімен жұқпалы ауруларға вакцина егілді. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы. ҚазАгроҚаржы Акционерлік қоғамы арқылы лизиенгке 5 шаруа қожалық 72 млн теңгеге 2 дана Белерус МТЗ - 82,1 тракторы, 1 дана Loval-854 тракторы, 1 дана YTO LX 954 тракторын және 1 дана Kioti тракторлары және 11 дана қосалқы тіркемелерін алыны. Ауыл аманаты бағдарламасы аясында «Игілік АгроБизнес» ауылшаруашылығы кооперативі 1 дана Loval-ТД 1304 тракторын алды, жыл соңына дейін тағы 1 дана YTO LX 954 тракторын тіркемелерімен алады. "Жайылымды суландыру" бағдарламасы аясында 7 шаруа қожалық 126,0 млн теңгеге құдық қаздырып, шаруалар 63,0 млн инвест субсидия алды. "Кеңдала" бағдарламасы арқылы қысқа мерзімге 1 шаруа қожалық 8,0 млн теңге несие алып көктемгі дала жұмыстарына дизел отынын және тұқым сатып алды. Қайтарымсыз грант 2 азамат 2 760 мың теңге көпбалалы аналарға және 29 жасқа толмаған жастарға қолдау шаралары көрсетілді. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауылдық округте жаңадан 110 жеке кәсіпкер тіркеліп Тараз ӘКК-на 110 жоба ұсынылып бүгінгі күнге 82 азаматпен келісім шарт жасалып 65 азаматқа 342,840 мың тенге қаражат беріліп 23 азамат 85 бас МІҚ, 269 бас қой 79 бас жылқы сатып алды. Жыл ішінде бюджет қаражаты есебінен бірқатар жұмыстар атқарылды. Игілік ауылының С.Орманов көшесіне асфалт төсемелері төселінді. Ауылдық округте 9 көше орналасқан, барлық көшелер толық асфалталынған. Игілік ауылының С.Орманов көшесіне жаңа бағаналар орнатылып түнгі көше шамдары жаңа үлгіге ауыстырылды. Өндіріс ауылының клуб үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Игілік ауылына жаяу жүргіншілерге арналған тротуар жасалынды. Игілік ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратының шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауыстырылды. Өндіріс ауылына заманауи үлгіде балалар ойын алаңшсы орнатылды. Өндіріс ауылындағы кіші футбол алаңының төсенішін ауыстыру. Игілік ауылына балалар ойын алаңшсы орнатылды. Өндіріс ауылының шағын футбол алаңшасына ағымдағы жөндеулер жүргізіліп төсеніштері ауыстырылды. Игілік ауылына кіре берісінен «Жасыл белдеу» жасыл желектердің қорғаныш аймағы жасалынды. Көгалдандыру жұмысы бойынша Игілік, Өндіріс ауылдарына 2000 түп талдар егілді. 2024 жылғы атқарылатын жұмыстар 1. Сарысу ауданы Игілік ауылына аялдама орнату – 2900,0 мың теңге; 2. Сарысу ауданы Игілік ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының қасбетін жөндеу - 11 352,0 мың теңге 3. Сарысу ауданы Өндіріс ауылындағы Ж.Жұмабеков көшесіне ИДН және жол белгілерін орнату - 622 090 тг 4. Сарысу ауданы Игілік ауылдық округіне төлқұжат орнату 7362,41 мың теңге 5. Сарысу ауданы Өндіріс ауылындағы әкімшілік ғимаратының алдына ескерткіш орнату – 19 012,6 мың теңге 1. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш монумент. 2. Сарысу ауданы Өндіріс ауылындағы Ж.Омаров көшесіне балалар ойын алаңы, стриит воркаут алаңшасын орнату. 3.Сарысу ауданы Игілік ауылының балалар ойын алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары. 4. Сарысу ауданы Игілік ауылындағы С.Орманов көшесіне ИДН және жол белгілерін орнату Игі істер алдағы уақыттада жалғасын табады. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Дата публикации
04 апреля 2024