🌿 В Досболовском сельском округе прошел проект "Формула мудрости" 🌿
🤝 В Досболовском сельском округе была организована поучительная встреча с участием жителей и ветеранов села в рамках проекта «Формула мудрости».Встречу провел председатель Совета присяжных Сарысуского района Жандарбек Калмырза.
👵 🏻 🏻 🏻 Главная цель встречи-донести жизненный опыт и нравы старшего поколения до молодого поколения, популяризация национальных ценностей, укрепление преемственности поколений и пропаганда принципов уважения к старшему и уважения к младшему.
Ветераны с большим интересом рассказывали о своем жизненном пути, делились советами, рассказывали молодежи нравственные истории. Жители села также поделились своими мыслями и обменялись содержательными мнениями.
❤️ Такие добрые инициативы способствуют укреплению уважения и единства в обществе, превознося мудрость старшего поколения.
✨ Мудрость-это благополучие поколений, жизненный опыт-бесценное сокровище!
📍 Досболовский сельский округ
# Дружныйкруктор # Премудростьформулы 🌿
# Ветераны ❤️
# Отпрыскиаб
# Духовность Рухан
2026 жылдың ортасы Қазақстан халқы үшін мемлекеттік жүйе, заңнама, қаржы және әлеуметтік салалардағы ауқымды жаңалықтармен басталмақ.
Бүгін күшіне енген басты құқықтық реформалардан бастап, күнделікті тұрмысқа әсер ететін экономикалық өзгерістерге дейінгі маңызды ақпараттарды жинақтадық
🔰9 мамыры күні - Жеңіс күні мерекесіне орай “Ер есімі - Ел есінде” тарихи ескерткіш монументіне батырлардың ерлігіне құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
📌Іс-шараға Досбол ауылдық округ әкімі А. Сапарбек және ауыл ардагерлері, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысып, майданда қаза тапқан батыр аталарымызды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Іс-шараның соңында ауыл ардагерлеріне мерекелік концерт қойылды.
🛑Баршаңызды 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ерлік пен батырлықтың, елге деген шексіз махаббаттың символына айналған қасиетті күн. Біз бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміздің ерлігіне әрдайым тағзым етеміз. Олардың батылдығы мен қайсарлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Баршаңызға денсаулық, амандық, береке және бейбіт өмір тілеймін.
Жеңіс күні құтты болсын!
Досбол ауылдық клубы мен ауылдық кітапхананың ұйымдастыруларымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігі жарасқан Тәуелсіз елім» атты мерекелік концерт өткізілді.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойында ұлттар арасындағы достықты, татулық пен бірлікті насихаттау, сондай-ақ әр халықтың мәдениеті мен өнеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Мерекелік кеш барысында түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалды.
Сонымен қатар, оқушылар бірлік пен достық туралы өлеңдер оқыды.
🌿 День посадки деревьев 🌿
Сегодня особенный день, когда мы проявляем заботу о природе и вносим вклад в будущее. Посадка деревьев — это не просто действие, это создание жизни, украшение земли и сохранение чистой среды для следующих поколений.
Каждое посаженное дерево — это надежда, дыхание и новая жизнь. Беречь природу — наша общая обязанность.
Посадишь одно дерево — словно посадишь десять,
Даря земле жизнь, открываешь дорогу в будущее! 🌱
#ДеньПосадкиДеревьев #БерегитеПрироду #ЗелёноеБудущее
Ұлттық киім күні құтты болсын!
👘 Ұлттық киім – халқымыздың тарихы, мәдениеті және рухының көрінісі.
✨ Әрбір ою-өрнек – терең мағына, әрбір сән – ата-бабадан қалған мұра.
Бүгін ұлттық киім кию –
🔹 өткенге құрмет
🔹 дәстүрге тағзым
🔹 болашаққа аманат
🌿 Заманауи стиль мен ұлттық нақышты үйлестіріп, өз болмысымызды дәріптейік!
💫 Ұлттық құндылықтарымыз әрдайым биік болсын!
#ҰлттықКиімКүні #KazakhStyle #ҰлттықМұра #РуханиҚұндылық
📌 Конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Сарысу ауданында жүйелі түрде жүргізілуде.
Бұл жолы кездесу дөңгелек үстел форматында Шағалалы ауылында өтті. Іс-шараға ауыл тұрғындары қатысып, конституциялық реформалардың мәні мен маңызы кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстелге:
🔹 Досбол ауылдық округі бойынша штаб жетекшісі, Досбол ауылдық округі аппаратының бас маманы Шалбек Нұрсұлтан Жұмабайұлы;
🔹 Досбол ауылдық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, ақпараттық топ мүшесі Мухашов Бактыбек қатысты.
Жиын барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндірілді. Атап айтқанда:
🔹 Суперпрезиденттік басқару моделінен күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшу;
🔹 Парламенттің рөлін күшейту және аралас сайлау жүйесін енгізу;
🔹 Конституциялық Соттың құрылуы және азаматтардың тікелей жүгіну мүмкіндігі;
🔹 Адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту;
🔹 Президент өкілеттіктерін қайта бөлу және саяси жүйені жаңғырту.
Кездесу барысында тұрғындар өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтарын қойды. Ақпараттық топ мүшелері тарапынан тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нақты жауаптар берілді.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты – азаматтарды Конституциялық реформалардың мазмұнымен таныстыру, олардың қоғам үшін маңызын түсіндіру және ашық диалог алаңын қалыптастыру.
#КонституциялықРеформа
#СарысуАуданы
#ДосболАуылдықОкругі
#ӘділеттіҚазақстан
📌 Конституциялық реформаны түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында Конститутциялық реформаны түсіндіру бойынша Досбол ауылдық округі ақпараттық топ мүшелері Досбол ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесуге Досбол ауылдық округінің әкімі Абылай Сапарбек Жаппарұлы және Досбол ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түзелбаев Абдисамат Сейтович қатысты.
Жиын барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда:
🔹 Суперпрезиденттік басқару моделінен күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшу;
🔹 Парламенттің рөлін күшейту және аралас сайлау жүйесін енгізу;
🔹 Конституциялық Соттың құрылуы және азаматтардың тікелей жүгіну мүмкіндігі;
🔹 Адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту, өлім жазасының жойылуы;
🔹 Президент өкілеттіктерінің қайта бөлінуі және саяси жүйені жаңғырту.
Кездесу барысында тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ақпараттық топ мүшелері тарапынан тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Мұндай кездесулердің мақсаты – азаматтарды Конституциялық реформалардың мазмұнымен таныстыру, олардың маңызын түсіндіру және қоғаммен ашық диалог орнату.
#КонституциялықРеформа
#СарысуАуданы
#ДосболАуылдықОкругі
#ӘділеттіҚазақстан
ДОСБОЛДЫҚТАР АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың тұрғындармен кездесуі Досбол ауылдық округінде де өткізілді.
🔰Өз сөзінде ауданда атқарылған жұмыстарды баяндаған Сәкен Үмбетұлы ауылдық округтегі айшықты сәттерді айта келіп, келешектегі істердің жай-жапсарымен бөлісті. Жиын барысында тұрғындар тарапынан тұшымды ойлар мен көкейкесті мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, Үлкен, Кіші Көкдала ауылдарына сексеуіл отынын кіргізуге рұқсат ету, Досбол - Тараз бағытындағы автобус сенбі - жексенбі күндері Шағалалы елдімекеніне де қатынаса, ауылдағы дәрігерлік пунктің жағдайы, Досболдағы көпірді қайта қалпына келтіру мәселелері көтерілді.
🔰Есептік кездесу барысында аудан басшысы көтерілген мәселелердің шешімін табуға ықпал ететінін жеткізді. Ауыл тұрғындары аудан әкімінің есебіне оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Кездесу соңында Сәкен Үмбетұлы жеке мәселе бойынша қабылдау өткізді.
Досбол ауылдық округіндегі әскерге шақырылушы азаматтарға әскерге шақыру қағаздары таратылды.