GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
08 сентября 2025
️Президент аймақтардың инвестициялық тартымдылық индексін енгізуді тапсырды

️Президент аймақтардың инвестициялық тартымдылық индексін енгізуді тапсырды

«Тағы бір мәселе. Өңірлерге инвестиция тарту барысында арнайы экономикалық аймақтар айрықша рөл атқарады. Алайда олардың көбінің жұмысы мәз емес. Бұл мәселе бойынша әңгімелер талай рет айтылды.

Үкімет арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру үшін терең сараптама жасап, түбегейлі шаралар қабылдауға дайын болуы керек. Арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға жеке компанияларды, қажет болса, шетел компанияларын тартуға болады.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтардың экономикалық өсімін арттыратын қозғаушы күш болуға тиіс. Бірақ, көбі коммуналдық мүліктерді басқарумен және аса маңызды емес жобаларды жүзеге асырумен шектеліп отыр. Олардың аймақ экономикасына әсері шамалы. Үкімет осындай корпорацияларды толыққанды даму институтына айналдыруы керек.

Инвестиция тарту – орталық атқарушы органдардың ғана міндеті емес. Осы маңызды жұмысқа жергілікті билік те атсалысып, бәрі жұмыла жұмыс істеуге тиіс. Әкімдердің аймақтағы инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін белгілеу керек.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аймақтардың инвестициялық тартымдылық индексін енгізуге тиіс. Мүмкін, бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшыларды тартқан жөн болар.

Бірақ, қазіргі басты мәселе: жоғары инфляция экономикалық көрсеткіштер мен халықтың табысын «жұтып қойып» жатыр. Оның дайын тұрған шешімі жоқ, бұл – көптеген мемлекет бетпе-бет келіп отырған түйткіл. Мәселе бәріне ортақ болғанмен, ол біздің жағдайда айрықша сезіліп отыр.

Осы макроэкономикалық құрсаудан шығуымыз керек. Қиындықтар күні кеше ғана пайда болған жоқ. Оны шешу үшін әлемдегі озық тәжірибелерді ескеріп, жұртқа ұнай бермейтін шаралар қабылдауға және оның жауапкершілігін көтеріп алуға дайын болу қажет.

Үкімет пен Ұлттық банк мемлекеттік ауқымдағы міндетті алдына қойған біртұтас команда ретінде жұмыс істеуі керек. Қазір әркім көрпені өзіне қарай тартатын кез емес».

08 сентября 2025
Мемлекет басшысы: «Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс»

⚡️Мемлекет басшысы: «Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс»

«Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды.

Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады.

Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру.Қаланы ел Үкіметіне тікелей бағынатындай етіп, оған арнайы мәртебе беру туралы жарлықты он күн ішінде әзірлеу керек.

Содан кейін жарты жылдан асырмай, жеке заң қабылдау қажет. Құжатта қаланы басқару режимі, оның қаржылық моделі және басқа да маңызды мәселелер қамтылуға тиіс.

Арнайы құқықтық мәртебе – қалаға берілетін артықшылық емес, жобаның қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асуына қажетті шара немесе құрал екенін айта кеткен жөн.

Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс. Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек.

Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табуы қажет».

08 сентября 2025
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастырған жөн»

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастырған жөн»

«Экономикамыздың жоғары технологиялық салаларына бір миллиард долларға дейін инвестиция тарту туралы бағдарлама әзірлеу қажет. Оны Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп дайындауға тиіс

Жаңа инвестициялық кезеңді ойдағыдай бастау маңызды. Екінші дәрежелі банктер нақты секторға белсенді түрде қаржы салуы керек. Бұл мәселе қоғамда баяғыдан қызу талқыланып жатыр. Осы жұмысты көп созбай қолға алу қажет.

Қазақстандағы банктердің активтері мен қаражаты дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе көп пайда әкеледі. Себебі, біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржылық тәуекелі төмен бағыттарға ақша салғанды жөн көреді. Осы мәселені депутаттар, сарапшылар үнемі көтеріп жүр.

Ұлттық банк пен Үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табуы қажет. Енді бұл мәселені созуға болмайды, шұғыл шешу қажет.

Банктер туралы заң қабылдау осы бағыттағы маңызды қадам болмақ. Бұл заңда экономиканың сұранысы мен технологиялық өзгерістер ескерілуі қажет. Құжатта бәсекені күшейту, нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, қаржы жүйесіндегі технологияларды ілгерілету және цифрлық активтер айналымын ырықтандыру мәселелері қамтылуы керек.

Үкімет Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, заң жобасын жан-жақты пысықтауы қажет. Депутаттардан осы заңды жыл соңына дейін қабылдауды сұраймын.

Цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастырған жөн. Цифрлық теңгенің енгізілуі бұл жұмысқа септігін тигізіп жатыр. Қазіргі таңда жобаларды Ұлттық қор есебінен қаржыландыру кезінде цифрлық теңгені қолданып жүрміз. Енді оның қолдану аясын одан әрі кеңейту қажет. Цифрлық теңгені республикалық және жергілікті бюджетте, мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалануға болады.

Қазіргі заманның талабын ескере отырып, криптоактивтерге баса назар аудару керек. Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде Цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құрған жөн. Бұл құрылымда жаңа цифрлық қаржы жүйесіндегі болашағы зор активтерден құралған стратегиялық крипторезерв жинақталады.

Жаппай цифрландырудың, соның ішінде банк саласын цифрландыру ісінің пайдасы көп екені сөзсіз. Бірақ, оның қауіп-қатері де аз емес. Соңғы жылдары онлайн-алаяқтық мемлекеттің және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келтіріп жатыр. Сондықтан, кибер-қылмыспен күресу үшін антифрод орталығы құрылды. Биометриялық анықтау жүйесі енгізілді. Банктердің, микро-қаржы ұйымдары мен байланыс операторларының жауапкершілігі күшейді. Дегенмен, бұл мәселеге үнемі жіті назар аудару қажет. Құзырлы органдардың жұмысын ұдайы жетілдіріп отырған жөн.

Кибер-қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін барынша интеллектуалды жүйе құру керек. Қажет болса, тиісті заңға және құқық қорғау органдарының қызметіне өзгерістер енгізген жөн».

28 марта 2025
19 наурыз – Жаңару күні

Бұл күнді табиғатқа жанашырлық танытып, игі істер жасаумен атап өтуге болады. Соның бірі – тал егу.

30 июля 2024
“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Байқадам ауылдық округінде 2024 жылдың 27 шілде күні "Таза Қазақстан" экологиялық сенбілік акциясы өтті. Акция аясында округке қарасты, тарихи мәдени ескерткіштерге , тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, санитарлық-экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Дін
30 июля 2024
ДІНІ МЫҚТЫ ЕЛДІҢ - ІРГЕСІ МЫҚТЫ

Дін саласы бойынша ақпарттық түсіндіру тобы кезекті кездесуін өткізді. Кездесуде ауыл имамы жат діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны және терроризмнің адамзатқа әсер ететін зұлымдықтарына тоқталып өтті.

20 июня 2024
Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды

Telegram мобильді қосымшасында нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігі енгізілді. «EgovKzBot2.0» бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға арналған осы функцияны енгізуге бастамашы және әзірлеуші болды.

Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді. Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде күрделі мәселелер туындаған жағдайда азаматтар «EgovKzBot2.0» Telegram-ботына мемлекеттік қызметті беруші мекеменің деректерін енгізіп, өз пікірлері мен ұсыныстарын немесе шағымдарын жібере алады.Мемлекеттік қызметті алу барысында артық құжаттарды талап ету, негізсіз бас тарту немесе уақтылы қызмет көрсетпеу және басқа дафактілер бойынша өтініш жіберуге болады.

Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.

02 мая 2024
Хабарландыру

"Qazaq Soda" ЖШС "Жамбыл облысы, Сарысу ауданында кальциленген сода өндіретін зауыт және тұрғын қалашық салу" жобасы бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды (шығарындыларға жол берілетін нормативтер жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасы, экологиялық бақылау бағдарламасы, іс-шаралар жоспары). Географиялық координаттары: 43°36´42,10 с. е., 70°12´38,91 ш. б.

  Қоғамдық тыңдауды өткізу күні, уақыты, мекен-жайы және орны: 03.05.2024 ж., сағат 12:00-де, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, ауылдық әкімдік ғимаратында.

   Бастамашысы: "Qazaq Soda" ЖШС, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 61а құрылыс, БСН 170 640 001 984, тел. 8-702-999-9688

Орындаушы: "Тепловик" Өдк, Тараз қ., Досейбаев көшесі, 20, БсН 980 240 001 245, тел. 8 (7262) 511672

Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен порталда танысуға болады https://ecoportal.kz және ЖАО сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/documents/1?lang=ru

"Qazaq Soda" ЖШС барлық ниет білдірушілерді қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырады. Ескертулер мен ұсыныстар мына мекенжай бойынша қабылданады: ecoportal.kz

15 апреля 2024
ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №97-VІІ ҚРЗ.
3-тарау. ЖАНУАРЛАРДЫ ҰСТАУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР
10-бап. Жануарларды ұстау жөніндегі талаптар
1. Жануарларды ұстау жөніндегі талаптарға:
1) Жануарлардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келуге, олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға тиіс жануарларды ұстау жағдайлары;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жануарлар ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету жатады.
2. Жануарлардың жекелеген санаттарын ұстау осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзгеде заңнамасында реттеледі.
3. Тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлар тізбесіне енгізілген жануарларды тұрғынжайларда ұстауға және өсіруге жол берілмейді.
4. Аулау қызметтері, жануарларға арналған панажайлар, жануарларды уақытша ұстау пункттері қаңғыбас жануарларды вакцинациялауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

04 марта 2024
Ауылдық округ әкімі М.Уксикбаевтың Алғыс айту күніне орай құттықтау сөзі
Құрметті ауыл тұрғындары!
Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адамға алғыс айту бұл жүректі жібітіп, көңілге үлкен медет сыйлайтыны белгілі. Бұл күні біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз.
Бүгінгі мерекенің түпкі мәні ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деген сөздерімен үндесіп жатыр. Адамгершілік пен ізгілікті басты ту етіп ұстаған халқымызда «Алтын алма, алғыс ал» деген тамаша даналық сөздер бар. Көңілі даладай кең жұртымыз баланы ес білген күннен бастап адамдарға жақсылық жасауға, ізгілікке баулиды.
Бүгінде ауылымызда 11 өзге ұлт өкілі қазақ ұлтымен етене араласып, тату-тәтті өмір сүруде.
Қадірменді ауыл тұрғындары!
Мереке сәтінде бірлігі мен берекесі жарасқан еліміздің, құт қонған киелі мекеніміздің дамуына, ынтымақты елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген, еселі еңбектері кейде көзге көрінбей де қалып жатқан қарапайым жандарға ризашылығымды білдіремін.
Ауылымыздың ауызбіршілігі сақталып, тұрақты дамуына атсалысқан барша тұрғындарға айтар алғысым шексіз.
Бір-бірімізге деген алғысымыз шынайы, көңіліміз кіршіксіз, бірлігіміз бекем, тірлігіміз түзу болғай!
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы