GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
02 апреля 2026
Сенбілік

Тарғап ауылындағы Тайторы баба ескерткіші аумағында сенбілік ұйымдастырылып, тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді

02 апреля 2026
Наурыз мерекесі

21 наурыз күні Самсы ауылында "Армысың, Әз Наурыз" атты кең көлемде мерекелік іс шара ұйымдастырылды

02 апреля 2026
Таза Қазақстан бағдарламасы

Таза Қазақстан бағдарламасы аясында Самсы ауылдық округінде тазалық жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады

06 августа 2025
Заң мен тәртіп

«Мотоциклдің» жедел алдын алу шарасы өтті
2025 жылғы 5 тамызда Тарғап ауылы аумағында «Заң мен тәртіп» аясында «Мотоциклдің» жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау, әсіресе түнгі уақытта мотоцикл жүргізушілерінің қоғамдық тыныштықты бұзу фактілерінің алдын алу болып табылады.

Осындай рейдтік шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтарды болдырмау үшін тұрақты түрде жүргізіледі.

06 августа 2025
Ауылшаруашылығы 2025

Сіз үшін пайдалы ақпарат
Ауыл шаруашылығы санағы қалай жүргізіледі?
Агроөнеркәсіптік өндіріс саласында тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығының жағдайы мен құрылымы, оның ресурстық әлеуетінің болуы және пайдаланылуы туралы ақпарат алу, сондай-ақ ауыл шаруашылығының құрылымы туралы егжей-тегжейлі сипаттамалар, әсіресе кенттер, ауылдар және ауылдық округтер бойынша мәліметтер қажет
Ауыл шаруашылығы санағы қай жерде жүргізіледі?
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2025 жылдың 1 тамызы мен 31 тамызы аралығында арнайы веб-портал арқылы санақты өздері аяқтай алады. Жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ) сол кезеңде санақ парақтарын өздері толтыра алады немесе 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында интервьюермен жеке сауалнамадан өте алады. Қалалық жерлерде респонденттердің мақсатты популяциясын анықтау үшін 2025 жылдың маусымында листинг жүргізіледі. Осының негізінде болашақта сауалнама ұйымдастырылатын іріктеу қалыптасады.
Интервьюердің қандай айрықша белгілері бар?
Интервьюерге QR коды бар арнайы төсбелгі және оның деректері жазылған жеке нөмір берілуі тиіс. Сондай-ақ оның қолында ауылшаруашылығы санағының логотипі бар планшет, кеудеше, қалпақ және сөмке болуы керек. QR кодын сканерлеу интервьюердің жеке басын тексеру үшін пайдаланушыны автоматты түрде бетке қайта бағыттайды. Оның жеке нөмірін пайдалана отырып, сіз интервьюердің өзі туралы, сондай-ақ оның кураторы туралы ақпаратты ала аласыз.

06 августа 2025
Жұмысшы мамандықтар жылы

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуында жұмысшы мамандардың үлесі орасан зор. Елдің өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және көлік салалары дәл осы мамандардың біліктілігі мен еңбегіне сүйенеді. Шикізат өндірісі мен өңдеу өнеркәсібі, энергетика, инфрақұрылымдық жобалар жұмысшы мамандықтарысыз мүмкін емес. Жыл сайын Қазақстанда жаңа өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашылады, оларды сапалы мамандармен қамтамасыз ету елдің экономикалық болашағы үшін маңызды.

Дастанова Батима

Самсы ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы

06 августа 2025
2025-2026 оқу жылы

Оқу процесі 2 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынды өткізу күні мен уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша айқындалады.

Бірінші тоқсанда оқуға 8 апта беріледі. Күзгі демалыс 27 қазаннан 2 қарашаға дейін 7 күнтізбелік күнге созылады.

Екінші тоқсанда - 8 оқу аптасы. Қысқы демалыс 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін 10 күнтізбелік күнді құрайды.

Бірінші сыныптарда қосымша демалыс 2026 жылғы 9-15 ақпан аралығында 7 күнтізбелік күнді құрайды.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі демалыс 2026 жылғы 19-29 наурыз аралығында 11 күнтізбелік күнді құрайды.

Төртінші тоқсан 2026 жылғы 25 мамырда аяқталатын 8 оқу аптасына созылады.

06 августа 2025
Ауыл шаруашылығы санағы-2025

Құрметті шаруа қожалықтары, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылары, жеке кәсіпкерлер!

2025 жылғы ауыл шаруашылығының Ұлттық санағын өтуіңізді сұраймыз.
Санақ 2025 жылғы 1 тамыздан 20 тамызға дейін sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимінде өткізіледі.
Санақты өту үшін сізге ЭСҚ кілті қажет.
2-АШК, 3-ЖҚШ нысандарын толтыруыңызды сұраймыз.

Мақатаева 164 мекен жайындағы Ұзынағаш ауылдық әкімдігі ғимаратында, Қараш батыр көшесі №117 Статистиска басқармасында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы бар.

06 августа 2025
Шаруа қожалықтарымен жиналыс

Самсы ауылында суармалы егістік жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселесіне арналған жиын өтті. Жиын барысында жергілікті шаруа қожалықтары өзен суын тиімді және әділ бөлу мәселесін көтерді. Тараптар өзара пікір алмасып, алдағы вегетациялық кезеңде су тапшылығына жол бермеу үшін нақты шаралар қабылдау жөнінде келіссөз журді

06 августа 2025
"Таза Қазақстан" бағдарламасы

"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында Самсы ауылдық округі бойынша тазалық
жұмыстары жүргізілуде.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы