Тарғап ауылындағы орта мектепте "Адам қасиеттерінің қазынасы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

Тарғап ауылындағы орта мектепте "Адам қасиеттерінің қазынасы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

Адамгершілік дегеніміз- адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ.
Мақсаты:Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.