GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
Анонстар
09 октября 2026
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Тереңөзек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Аудан әкімі Ернар Есіркепов Тереңөзек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Соңғы жылдары округке инфрақұрылымын дамытуға 540 млн.теңгеге жуық қаражат бағытталды. Ақыртөбе-Тереңөзек-Қайыңды автомобиль жолы жөнделіп, Шолақ-Қайыңды ауылына газ құбыры мен газ тарту желілерінің құрылысы жүзеге асырылды. 

Сонымен қатар, ауылішілік көшелер жөнделіп, көше жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылды.

Анонстар
09 октября 2026
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Аудан әкімі Ернар Есіркепов Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Соңғы жылдары округке инфрақұрылымын дамытуға 1,9 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталды. Ақыртөбе-Тереңөзек-Қайыңды автомобиль жолы жөнделіп, Қайыңды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Сөгеті мен Мамай ауылдарында су қабылдағыш және су құбыры желілері іске қосылды.

Сонымен қатар, ауылішілік көшелер жөнделіп, көше жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылды.

Анонстар
07 октября 2026
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Ұстаздар күніне орай ауданымыздағы барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аудан әкімі Ернар Есіркепов Ұстаздар күніне орай ауданымыздағы барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Ұстаз – ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағының қалыптасуына тікелей үлес қосатын ардақты мамандық иесі. Ұстаздың білімі, кәсіби біліктілігі мен шәкіртке деген жанашырлығы – білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің негізі.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілейміз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Анонстар
02 октября 2026
Көкдөнен ауылында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған спорттық жаттығу алаңының ашылу рәсімі өтті.

Көкдөнен ауылында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған спорттық жаттығу алаңының ашылу рәсімі өтті.

Жаңа спорт алаңының бой көтеруіне ауыл тұрғындары мен жастарының атсалысып, қолдау көрсетуі – ынтымақ пен ортақ іске деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 2 отбасы баспаналы болып, 1 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, ауыл азаматтарының бірлескен еңбегімен мешіт жанынан асхана, балалар ойын алаңшасы, «Наурыз» мерекесін өткізуге арналған сахна және «Достық» сквері ел игілігіне берілді. Бүгінде Жақсылық ауылында еркін күрес спорт үйірмесінің ғимаратына да жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Анонстар
02 октября 2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

Аудан аумағында күзгі екі айлық санитарлық тазалық шаралары және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 200-ден астам адам қатысқан сенбіліктер ұйымдастырылып, нәтижесінде 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар, Құлан қалашығының тарихи-мәдени ескерткіш аумағы мен ескі қоқыс полигонының маңында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қалашық аумағындағы құлаған қоршаулар қалпына келтірілді.

Атқарылған жұмыстар – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырудың, туған жерге деген жанашырлықты нығайтудың айқын көрінісі.

Алдағы уақытта да аудан аумағында абаттандыру және санитарлық тазалық бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Анонстар
02 октября 2026
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Өрнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Аудан әкімі Ернар Есіркепов Өрнек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Соңғы жылдары округ инфрақұрылымын дамытуға 450 млн теңгеден астам қаражат бағытталды. Сұмқайты ауылына кіреберістегі 2,9 шақырым жолға асфальт төселіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жарлысу ауылында ауыз су сапасын жақсарту мақсатында мембраналық сүзгілеу құрылғысы орнатылды.

Сонымен қатар, ауылішілік көшелер жөнделіп, көше жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылды

Анонстар
02 октября 2026
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Ақыртөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Аудан әкімі Ернар Есіркепов Ақыртөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Соңғы жылдары округ инфрақұрылымын дамытуға 2,9 млрд теңге бағытталып, Ақыртөбе ауылында спорт кешені мен мәдениет үйі, Малдыбай ауылында 120 орындық мектеп ел игілігіне берілді.

Сонымен қатар, жалпы құны 22,6 млрд теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Анонстар
02 октября 2026
ЖЕҢІМПАЗ ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ЖЕҢІМПАЗ ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудан әкімі Ернар Есіркепов Қырғызстан Республикасында өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат спорты бойынша ұшқыр бәйгеден жүлделі І орын иеленген жерлесіміз Парахат Нұрбекті қабылдап, жеңісімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

 

Анонстар
02 октября 2026
АЗАМАТТАРҒА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

АЗАМАТТАРҒА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Құлан ауылындағы орталық саябақта аудан әкімі Ернар Есіркепов аудан прокуроры Ильяс Прмаханұлымен бірге «Заң мен тәртіп» «Қоғаммен байланыс» жобасы аясында азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізілді.

Сонымен қатар, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша басқа да құзырлы және құқық қорғау органдарының басшылары да қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қабылдау барысында аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешу бойынша тиісті шаралар қарастырылды.

Мұндай қоғамдық қабылдаулар азаматтардың мәселелерін зерделеп, оларды заң талаптарына сәйкес шешуге бағытталған.

Анонстар
02 октября 2026
ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ МІНДЕТ

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауданымызда жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, қоғамдық орындарды ретке келтіру және аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Тазалық пен тәртіпті сақтау – басты бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Ауданымыздың тазалығы мен көркейуі – баршамызға ортақ міндет.

Туған жеріміздің тазалығын бірге сақтайық!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы