Меню

Страницы

Статья

Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылдағы атқарылған жұмыстары бойынша есебі.

Құрметті Серғали Өмірзақұлы, Құрметті Ерболат Салқынбекұлы !

Құрметті  жиынға қатысушылар !

слайд

Аудандық  аумақтық сайлау  комиссиясы 2021 жылғы  облыстық  сайлау комиссиясының  келісімімен бекітілген  жұмыс жоспарына сәйкес  жүзеге асырды.

Ауданда   36 сайлау комиссиясы құрылып,жұмысын атқаруда.

 Оның ішінде 1 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, 35 учаскелік сайлау комиссиясы.

25 (71,4%) сайлау учаскелері мектептерде, 8-і (22,8%)  мәдениет үйі және клубта  орналасқан, 1-і (2,8%)  - а / о әкімдігі ғимаратында және 1-і (2,8%) - колледж ғимаратында.  Барлығы сайлау комиссияларының 244 мүшесі бар. Аумақтық сайлау комиссиясы 7 комиссия мүшесінен тұрады, 35 учаскелік комиссия құрамында 237 адам комиссия мүшелері бар.Комиссия құрамы 5 партияның және 6-қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен тұрады.

Сайлау комиссияларының құрамына "Nur Otan "партиясынан"-25, "Қазақстанның Коммунистік Халық партиясынан" - 28, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан - 27, Қазақстанның "Ақ жол "демократиялық партиясынан - 30," Адал "саяси партиясынан – 32, Қоғамдық бірлестіктерден 67.

         Олардың ішінде 500  дейінгі сайлаушысы  бар 9  учаскелер,  1000  дейін 5 учаске, 1000-2000 сайлаушысы бар  13 учаске, 2000-2500 дейін -6 учаске, 2500-3000 дейін  2-учаске.  2-3 слайд

Учаскелік комиссия мүшелерінің жалпы саны – 237 адам болса,оның 67 % сайлау комиссияларында бұрыннан жұмысын жалғастырып келе жатқандар.

 

                       Сапалық құрамы төмендегідей:

 

         Барлық комиссия мүшелерінің  ер  адамдар 121 (49,5%), 123-і  әйел (50,5%). Білім деңгейі бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген 164 комиссия мүшесі (67,1%), арнаулы оқу орнын 5 комиссия мүшесі (2%), орта білімді 75 комиссия мүшесі (31%) .

4-5 Слайд

 

Қазақстан Республикасы Мәжіліс, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының  кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалуына байланысты  18 учаскелік комиссия мүшелері,  комиссия құрамынан шығып қалған, оның  5-і аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркелген.

Сонымен қатар 20-сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелері, ҚР «Сайлау туралы »Заңының 20-шы бабы 12-ші тармағы, 4-ші тармақшасына сәйкес кандидаттың тікелей бағынысында болғандықтан ,сайлау науқаны аяқталғанға дейін жұмыстан шеттетілді.

 Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінің орнына сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыратын орган сайлағанға дейін 2021 жылы Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы  шешімімен барлығы 18 комиссия мүшелерін уақытша тағайындалып, келесі мәслихат сессиясымен тағайындалды.

Учаскелік сайлау комиссияларының  мүшелерінің ауысуы, үлкен мәселе туындатты,өйткені барлық учаскелік комиссия мүшелері оқудан өтіп сертификат алған, алайда олардың орнына тағайындалған  азаматтарды  шұғыл түрде  оқытып сертификат беру  жұмысын  қосымша  атқаруға тура келді.

Келешекте бұндай  кемшіліктерге  жол берілмеу керек.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24 бабының 5 тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган әр жылдың 1 шілдесіне және 1 қаңтарына қарай электронды түрде ақпаратты салыстырып тексеруді және жоғары тұрған сайлау комиссияларына беруді қамтамасыз ететін тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсынады. 2021 жылы 2-үлкен сайлау болғандықтан бұл жұмыс 4-рет жүргізілді.

 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/196 қаулысымен бекітілген Сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді салыстырып тексеру және ұсыну қағидаларына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы бойынша сайлаушылар тізімінен анықталған қателермен жұмыс «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 4-1 тармақшасына сәйкес  Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының тікелей бақылауында.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауының Т.Рысқұлов ауданы бойынша қорытындысы:

Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен  облыстық,аудандық мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы мен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеумен өткізу барысында аудандық, учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, сайлауды заң талатарына сәйкес өткізу үшін нақты жұмыстар  атқарды.        

Т.Рысқұлов ауданы  мәслихаты депутаттары сайлауының нәтижелері:

 «Nur Otan» партиясы  -24146 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  81,9  пайызы.

2) «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы-2323 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  7,88 пайызы.                       

3) «ADAL» саяси партиясы  2188 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  7,42 пайызы.

Т.Рысқұлов аудандық мәслихат депутатығына , саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар  төмендегідей  бөлінді:

       1)«Nur Otan»  партиясы – 12 мандат

2)«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық  партиясы – 1мандат

3)«ADAL» саяси партиясы – 1мандат

Барлығы 14 мандат

6-ші Слайд

2021 жылдың 15-ші қаңтарында   аудандық  мәслихаттың  7- шақырылымының   1-ші сесиясын дайындап  жаңадан сайланған депутаттарға  төсбелгісін  және  куәліктерін табыстадық.

         2021 жылды  10-шы қаңтар айындағы  Мәжіліс депутаттары, облыстық  және аудандық мәслихаттар депутаттары,сайлауында аудандық сайлау комиссиясына, прокуратура, сот органдарына  арыз  - шағым  тіркелген жоқ.

 

Ауыл әкімдерінің сайлауы бойынша:

         8-Слайд.

         Т.Рысқұлов  ауданындағы  ауылдық округі әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты  сайланатын мерзімдер.

2022 жылы  -2 округте:

Көкдөнен ауыл округі әкімі – 10.10.2022 жылы

Ақниет ауыл округі әкімі – 15.01.2023 жылы

2023 жылы  -2 округте:

Көгершін ауыл округі әкімі – 12.07.2023 жылы

Құмарық  ауыл округі әкімі – 06.12.2023 жылы

2024 жылы  -1 округте:

Құлан ауыл округі әкімі   -      03.07.2024 жылы

 

            Аудан бойынша 15  ауылдық округ әкімдерінің 2021 жылдың 2-жарты жылдығында  10 ауыл округі,оның ішінен 9 округі  әкімдерінің (Абай, Қарақыстақ, Жаңатұрмыс, Қорағаты, Қайыңды, Тереңөзек, Ақыртөбе, Өрнек,Луговой-қыркүйек)   өкілеттігі ақталуына байланысты және 1 Ақбұлақ ауыл округі әкімінің жұмыстан өз еркімен кету өтініші бойынша(С.Атабаев) ауыл округі сайлауы болды.

            2021 жылдың шілде айының 25-і күні 8 ауылдық округ әкімдерін (Абай, Қарақыстақ, Жаңатұрмыс, Қорағаты, Қайыңды, Тереңөзек, Ақыртөбе, Өрнек)    және  12-ші  қыркүйекте  2 ауылдық округі  ( Луговой,Ақбұлақ ) сайлауы өткізілді.

2021 жылы 25 шілдеде  өткен  сайлауда 8 ауыл округінен  25 кандидат  үміткер болды, оның ішінде  1-кандидат мемлекеттік  қызмет туралы заңына  сәйкес еместігіне байланысты кандидат болып  тіркелген жоқ, қалған 24-үміткерлер тіркеліп  сайлауға  қатысты.

9-Слайд.

Тіркелген  24 кандидаттардың:

         «Нұр Отан» партиясынан  7- кандидат,

 «Ақжол» партиясынан -8- кандидат  және  9 үміткер  өзін-өзі ұсынғандар

12-ші  қыркүйекте  2 ауылдық округі  ( Луговой, Ақбұлақ ) сайлауы өткізілді.

Осы сайлауға  «Нұр Отан» партиясынан -1 кандидат  және  5-і өзін-өзі  ұсынған кандидаттар.

Барлық 6 үміткер тіркелген,  1-кандидат өз өтінішімен сайлауға қатысудан бас тартып, 5- кандидат сайлау бюлетеніне енгізіліп  сайлауға  қатысты.

Луговой ауыл округі әкімі  «Нұр Отан» партиясынан   ұсынған  М.Сванов  сайланды.

Ақбұлақ ауылдық округі әкімі болып  өзін –өзі ұсынған  С.Кенжеғара  сайланды.

10-шы Слайд.

25 шілдедегі,12-ші қыркүйектегі  сайлауларға 10 округтен  29 елді мекен, 22 сайлау учаскесі және  20364 сайлаушы қатысты (91,4%).

22 сайлау учаскесі (17-і – мектепте, 3-і – мәдениет үйінде, 1-і – ауылдық клубта, 1-і – ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратында), материалдық-техникалық керек-жарақтармен (бейнекамералармен, қосымша электр қуаттарымен, интернетпен, телефонмен және басқа да) толық қамтамасыз етілген.

Сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар өз деңгейінде ұйымдастырылып, өткізілді.  

         2021 жылғы ауыл округі әкімдерінің сайлауы бойынша  кандидаттарды қолдап, сайлаушылардың қол қою парақтары, сайлау бюлетендері, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару  құжаттары  орталық сайлау комиссиясы нұсқаулығында қойылған талаптарға сәйкес мерзімінде жойылды.

         Аудандық сайлау комиссиясы мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен үнемі өзара әрекеттеседі. 

Пандемияға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай барлық сақтық шаралары ұйымдастырылып, дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз етілген.

Саяси партиялармен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл.

         Тұрақты  негізде  саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерде сайлауды дайындау және өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Саяси партиялар филиалдарымен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі өзге де қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық жөніндегі кеңес өткізілді.

         Сайлау науқандарын және сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.

 

         Ақпараттық материалдар аудан әкімдігінің «Сайлау» ресми сайтында және аудандық «Құлан Таңы» газеті  беттерінде заң талаптарына және мерзіміне  сәйкес жариялануда..

         2021 жылы «Құлан таңы» газетінде 2 мақала жарияланды.

Құжаттамалық қамтамасыз ету бойынша:

Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының істер номенклатурасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес құрастырылған.  Барлығы 28 іс аудандық мемлекеттік архивпен келісіліп, бекітілген.

2014-2020 жылдар аралығындағы құжаттарға аудандық мұрағат қызметкерлерімен бірлесе отырып түгендеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы төлқұжат жасалынып, мұрағатқа өткізілді.

Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылдың қорытындысы бойынша құжат айналымы барлығы  құжат кірістеліп және  шығысталған.     11-СЛАЙД 

 

4.Қаржылық қамтамасыз ету бойынша:

Сайлау науқанын өткізу кезінде бюджет қаражатын уақтылы тиімді игеруді қамтамасыз ету және қаржылық есептілікті ұсыну тікелей комиссия төрағасының қатаң бақылауында. Барлық есептік жоспарларды облыстық және аудандық әкімдік бухгалтериясымен  бірлесе отырып жасалынуда. Сайлау науқанын өткізу барысында кеткен шығыстардың  барлық құжаттары мен келісім шарттары арнайы папкада  аудан әкімінің қаржы шаруашылық бөлімінде жинақталған.  Өткен сайлау науқандарына  қарастырылған қаражат толықтай игерілді.

Барлық  қаржылық есептері уақытылы облыс әкімінің аппаратының қаржы-шаруашылық бөліміне  және облыстық сайлау  комиссиясына өткізілді.

12-СЛАЙД

 

4.Үгіт-насихат жұмыстары бойынша:

Аудан аумағында сайлауға қатысуға 29  үгіт билборды (банер) ілінді, 29  үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған  тақтайшалары орналастырылған, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар саны - 15.

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясынан қосымша 10 билборд алынып, ауылдық округтерге ілінді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына  және 10 ауылдық округі әкімдерінің сайлауына  байланысты  Т.Рысқұлов  ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар кестесі аудандық « Құлан таңы» газетінің бетінде жариаланды.

Ауыл округі әкімінің  үміткерлеріне бөлінген қаражатын төлеуі, облыстық сайлау комиссиясының 2021 жылы  30 мамырдағы  №5 Шешіміне сәйкес жүргізілді.

.

Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес саяси партиялар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын заңға сәйкес жүргізді.

 

29  үгіт-насихат құралдарына арналған орындар (щиттер) мен 15 кездесу орындары, сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары, аумақтық пен учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет ресурстарына жарияланды7

13-СЛАЙД

 

5.Call-орталықтары мен ақпараттық сервистер жұмысы бойынша:

.

Сайлауға қатысты сұрақтарға жауап беру үшін Т.Рысқұлов ауданында    Call-орталық 8(72631) 2-16-00 жұмыс жасады..

Бұл туралы аудан әкімдігінің  сайтындағы Т.Рысқұлов  аудандық сайлау комиссиясының парақшасында және әлеуметтік желіде жарияланды. Жауапты болып 2 маман бекітілген. Тіркеу журналы арналған. Аталған байланыс номерлеріне барлығы  38 қоңырау келіп түскен. Олардың басым көпшілігі учаскелік сайлау комиссияларының  деректері  мен мекен-жайын сұрау бойынша, қалған қоңыраулар сайлау процесінің өзге де мәселелері бойынша. Барлық келіп түскен қоңыраулар тіркеліп, дереу жауап берілген.  14-СЛАЙД

 

6.Т.Рысқұлов  ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушылар бойынша:

Аудан бойынша  мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларды  талдау жұмыстары аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып  тұрақты түрде  жүргізіліп отырды.

          Аса мұқтаждықты қажет ететін  124 мүмкіндігі шектеулі сайлаушылардың тізімі анықталып азаматтар үшін барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру орындары 1-ші қабатта орналасқан, кедергісіз кіру үшін жағдайлар жасалған (тактильді жолақ, пандус, шақырту қоңырауы және т.б.) және сайлау учаскелерінің мәліметтері inva.gov.kz сайтындағы интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген.

         Барлық сайлау учаскелері  MTSN  қол жетімділік картасына енгізілген.

Сайлау  учаскелері  компьютерлермен, құлаққаптармен, Брайль мәтіндерімен  және  лупалармен жабдықталған.

Сайлау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру мақсатында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы базасында 2020 жылдың 14 қарашасында аудандық және учаскелік сайлау  комиссияларының мүшелерінің (72 адам) қатысуымен оқыту-семинары өткізілген болатын. Семинар-кеңес «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптарында жүргізілді. Облыс орталығынан арнайы лекторлар келіп дәріс оқыды.

 Аудан бойынша семинар-кеңеске 105 комиссия мүшесі шақырылып  оқытылды.

Аталған семинар оқуы барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды.

2021 жылғы 25-ші шілде және 12 қыркүйекте өтетін  ауыл округі әкімдерінің сайлаулары бойынша, маусым айында  облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Ө Айдапкеловтың қатысуымен  семинар  кеңес  өтті.

Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының қашықтықтан оқыту жобасы бойынша аудандық сайлау комиссиясының және 35 учаскелік сайлау комиссиясы  толық құрамы тестілеуден өтті.Тиісті сертификаттар алынды.

Сайлау науқанына ұйымдастыру кезеңінде Орталық сайлау комиссиясы және Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы дайындаған арнайы оқыту бейне фильміндері арқылы барлық комиссия мүшелеріне оқыту жұмыстары жүргізілді.

8.Сайлау учаскелерін жарақтандыру туралы:

Сайлау учаскелері Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/199 қаулысымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жабдықталды. Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы тарапынан кеңсе тауарлары, жасырын дауыс беруге арналған кабинаға материалдар, арнайы журналдар және медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясы тарапынан ақпараттық тақта, үміткерлер тақтасы, күнтізбе, сайлау күнін көрсететін  тақтайша, сайлау учаскесіне бағыттаушы орнатылып, сайлаушыларға шақыру қағаздары таратылды.

         Т.Рысқұлов аудандық  сайлау комиссиясының  2022 жылға арналған сайлау процессіне қатысушыларды сайлау алды  оқытудың күнтізбелік жоспары аудан әкімінің аппарат басшысы  Ж.Адиловпен келісіліп, аудандық сайлау комиссиясының төрағасымен  бекітілді.

         Осы жоспар бойынша   (ЖАО), (ҮЕҰ), саяси партиялармен  олардың өкілдерін, Қазақстанның сайлау заңнамасын оқыту және  бірлескен жоспарлар жасауды бекіту туралы жұмыстары жүргізілуде.

  2021 жылдың 27 желтоқсанда Т.Рысқұлов аудандық мәслихат сессия отырысында, 2022 жылғы бюджетті нақтылау барысында аудан бойынша  35 сайлау   учаскелерінің 120 комиссия мүшелерін  оқыту үшін  аудандық бюджеттен  -2022 жылға 1649,3 мың тенге қаражат қарастырылып, аудан әкімінің аппаратына бөлініп қойылды.

Оқыту процесін ҚР Президенті жанындағы  мемлекеттік басқару  академиясының  Жамбыл облыстық филиалымен ұйымдастыратын боламыз.

 

Назарларыңыға рахмет

Дата публикации
03 марта 2022
Дата обновления
03 марта 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

23 октября 2026
21 октября 2026
Ақпарат
20 октября 2026
ДЕРЕКТЕМЕЛЕР

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы