Құрметті азаматтар!
Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында ақылы көмек көрсететіні туралы хабарландырулар таратып жатыр.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бұл ЖК мен ЖШС-нің ешқандай қатысы жоқ, олар жеке кәсіпкерлік нысандары екенін естеріңізге саламыз.
Тұрғындар электрондық қызметтерді egov.kz порталы, egovmobile мобильдік қосымшасы және EgovKzBot2.0 телеграм боты арқылы өз бетінше және тегін ала алатынын ескертеміз. Сондай-ақ ең қажетті электрондық анықтамаларды Facebook және Вконтакте әлеуметтік желілері арқылы алуға болады.
Күдікті адамдарға жүгініп, электрондың цифрлық қолтаңбаларыңызды беру арқылы сіздер алаяқтардың тұзағына түсіп, өз қауіпсіздіктеріңізге нұқсан келтірулеріңіз мүмкін.
Сақ болыңыздар! ЭЦҚ сақтау ережесін ұстанып, қызметтерді өз беттеріңізше алыңыздар.
Өздеріңіз бен жақындарыңыздың жағдайын ойлаңыздар!
«Азаматтарға арналған үкімет» МК ҚЕ АҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалының
Тұрар Рысқұлов аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімі
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ғазиз Надуевтің шешіміне
байланысты мемлекеттік қызмет бөлімдері 9: 00-ден 16: 00-ге дейін жұмыс істейді.
– Енді қазақстандықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.
– ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.
Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.
Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.
Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретін болады.
Айта кету керек, карантин жарияланғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы өз бетінше онлайн түрде 10.5 миллионнан астам мемлекеттік қызметті алған.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.
Ал аудан орталықтары мен ауылды жерлердегі ХҚО жұмысы еш өзгеріске ұшырамайды.», – деп қорытындылады Сағынтаев.
Цифрландырылған ақпараттық орталықтары туралы хабарлама
Т.Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 14 елді мекен кітапханасында «Цифрландырылған ақпараттық орталық» еgov.kz порталы арқылы қызмет түрлерін және «cao-zhambyl.kz» сайты арқылы тұрғындарға түрлі сала бойынша күнделікті тұрмысқа қажетті (ауыл жаңалықтары, мәліметтер базасы, жұмыспен қамту орталығы, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау саласы, ауыл мәдениет және туризмі) мәліметтер алуға болады.
«Цифрландырылған ақпараттық орталық» ашылған елді мекендер.
Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары
Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы ауылдық округтер мен кенттер әкімі аппараттарында «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған. Бұл дегеніміз, электрондық веб – портал арқылы алынатын қызметтерді алуды қамтамасыз ету. Бар болғаны, электронды-сандық қолтаңба мен ғаламтор желісімен жұмыс істей білу қажет. Қарапайым халыққа да қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда сапалы алуға қол жеткізуге үйрету де мұнда басты назарда.
Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштарының мекен жайлары төмендегі кестеде көрсетілген.
| (мекемелердің атауы) | (мекен жайлары) |
| Құлан ауылдық округі әкімінің аппараты | Құлан ауылы, Жібек жолы №76 кабинет№ 4 тел: 2-21-56 |
| Луговой ауылдық округі әкімінің аппараты | Луговой ауылы, С.Есімұлы , №56 кабинет №1, тел: 2-47-80 |
| Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты | Р.Сабденов ауылы, Р.Сабденов көшесі №48, кабинет №8 тел: 5-46-30 |
| Қорағаты ауылдық округі әкімінің аппараты | Қорағаты ауылы Төле би көшесі №15. Кабинет №6 тел 5-14-36 |
| Абай ауылдық округі әкімінің аппараты | Абай ауылы Қ. Сатпаев №92 кабинет№ 208 тел: 2-06-9 |
| Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің аппараты | Каменка ауылы, Жібек жолы №122, тел: 25-4-76 |
| Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты | Жаңатұрмыс ауылы, Сатпаев көшесі №58, кабинет№3, тел:5-37-47 |
| Көкдөнен ауылдық округі әкімінің аппараты | Көкдөнен ауылы, Ш.Уәлиханов №89 тел.:35-4-60 |
| Көгершін ауылдық округі әкімінің аппараты | Көгершін ауылы, Амангелды көшесі №28 тел.: 26-4-99 |
| Құмарық ауылдық округі әкімінің аппараты | Құмарық ауылы, Жібек жолы №63, кабинет №2, тел: 5-08-60 |
| Ақниет ауылдық округі әкімінің аппараты | Д.Қонаев ауылы, Бәйтерек көшесі, №20, тел: 5-49-10 |
| Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты | Өрнек ауылы, Е.Алпысбайұлы №12а әкімшілік ғимараты 2 этаж тел: 29-3-55 |
| Ақыртобе ауылдық округі әкімінің аппараты | Ақыртобе ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №24, тел: 5-42-83 |
| Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппараты | Тереңөзек ауылы, Жамбыл №52 тел:5-47-31 |
| Қайынды ауылдық округі әкімінің аппараты | Қайынды ауылы, Жорабек көшесі №25, кабинет№3, тел: 5-40-90 |
2020 жыл қазан айы график мобильный ХҚКО
2020 жыл қыркүйек айы график мобильный ХҚКО
2020 жыл тамыз айы график мобильный ХҚКО
2020 жыл маусым айы график мобильный ХҚКО
Карантин кезінде баланың туылуына байланысты 30 мың жәрдемақы рәсімделді
Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері Жамбыл облысында 600 астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 850 отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетілген қызметтер, оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасады.
Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс. Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.
Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады. Ол арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.