Меню

Страницы

Статья

11 тамыз учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне кезекті оқыту семинары өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – комиссия мүшелерінің сайлау процесін ұйымдастыру және өткізу бойынша білімдерін жетілдіру, заңнама талаптарын дұрыс әрі бірізді қолдануын қамтамасыз ету.
Оқыту барысында сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, сайлаушылар тізімімен жұмыс жүргізу тәртібіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолайлы жағдай жасау, сайлау процесін қаржыландыру, сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қамтылды.
Сондай-ақ дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу тәртібі, сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелерінің іс-әрекеттері, дауыс беру қорытындыларын анықтау және тиісті құжаттарды рәсімдеу бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.
Семинар соңында қатысушылардың алған білімдерін бағалау мақсатында тест тапсырылып, нәтижелері бойынша сертификаттар табысталды.
Дата публикации
12 августа 2026
Дата обновления
12 августа 2026
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
21 октября 2026
Ақпарат
20 октября 2026
ДЕРЕКТЕМЕЛЕР

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы