Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының кезекті отырысы өткізілді. Жиында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, алдағы кезеңдегі басым бағыттар айқындалды.
Күн тәртібінде:
🔹 сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту процесіне клуб мүшелерін тарту;
🔹 сайлау науқаны кезінде волонтерлік қолдауды үйлестіру;
🔹 Жас сайлаушылар клубтары мен аумақтық сайлау комиссияларының бірлескен жұмысы арқылы жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру;
🔹 жастардың сайлау/референдумға қатысу белсенділігі мен сайлау процесіне көзқарасын анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізу мәселелері қаралды.
Жас сайлаушылар клубының төрағасы өз сөзінде жастардың азаматтық белсенділігін арттыру – қоғам дамуының маңызды тетігі екенін атап өтті. Осы бағытта:
✔️ сайлау науқандарына жастардың волонтер ретінде қатысуын ұлғайту;
✔️ дауыс беру күні, уақыты мен орны туралы сайлаушыларды жан-жақты хабардар ету жұмыстарына жастарды кеңінен тарту ұсынылды.