2026 жылғы 26 ақпанда Т.Рысқұлов ауданында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларына арналған оқыту-семинар ұйымдастырылды. Іс-шара Құлан ауылындағы «Құлан агротехникалық жоғары колледжі» ғимаратында өтті.
Семинар Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2026 жылғы 12 ақпандағы №6/15 қаулысын орындау аясында, 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды сапалы ұйымдастыру және өткізу мақсатында өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, Т.Рысқұлов аудандық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, учаскелік референдум комиссияларының мүшелері, аудан әкімі аппаратының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, жас сайлаушылар клубтарының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинарды Жамбыл облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Талғат Салқанұлы Жамалов жүргізді.
Оқыту барысында қатысушыларға:
тақырыптарында мазмұнды дәрістер оқылды.
Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылар «Kahoot» платформасы арқылы интерактивті викторинаға қатысып, алған білімдерін бекіту мақсатында тест тапсырды. Оқыту қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай оқыту іс-шаралары референдум комиссиялары мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, заң талаптарын бірізді әрі сапалы қолдануға және референдум процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Т.Рысқұлов ауданында алдағы республикалық референдумды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуге барлық қажетті дайындық жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.