«Мобильді ХҚКО» қосымшасы азаматтардың өмірін жеңілдетеді. Қосымша арқылы:
-бейнеқоңырау бойынша 38 мемлекеттік қызметке тапсырыс беруге;
-бейнеқоңырау арқылы кеңес алуға;
-ХҚКО-ға кезекті брондауға;
-QR-кодты сканерлеу арқылы электрондық талон алуға;
-ең жакын орналасқан ХҚКО-ның мекенжайын білуге;
-сондай-ақ, құжаттар бойынша өзге де сұрақтарға жауап алуға болады.
Жыл басынан бері қосымшаға 50 мыңға жуық бейне қоңырау келіп түскен. Тапсырыстардың ішінде ЭЦҚ алу ең танымал қызмет болып табылады. Оған қоса, қосымша арқылы 37 мемлекеттік қызметке тапсырыс беру қолжетімді. Сұранысқа ие қызметтер : ЭЦҚ алу, Тұрғылықты жері бойынша тіркеу, Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару, уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау.