БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша
invest.enpf.kz бірыңғай интернет-платформасын іске қосты
БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Платформа инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктірді және ұсынылатын инвестициялық қызмет туралы деректердің жүйелілігін қамтамасыз етеді.