«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығына, «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2026 жылғы 12 ақпандағы № 6/10 қаулысына сәйкес Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі, 73.
телефон: 8(72631) 2-16-00
Комиссия төрағасы – Тлепов Манарбек Әміреұлы;
Төрағаның орынбасары – Әлібаев Ералы Ермекұлы;
Хатшысы – Садық Айбек Мейржанұлы;
Комиссия мүшелері: Көпбаев Нұрлан Талғатұлы;
Қызыралы Мұрат Батыржанұлы;
Нұрмағамбетова Гүлжазира Ғабитқызы;
Тантаев Нұрдос Шәпетқұлұлы.
Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық референдум комиссиясы