Жағдай 1. Баладың қайтыс болуы
Сұрақ:
Бала 10 жасында қайтыс болды. Оның атына бұрын Ұлттық қордан қаражат түскен. Бұл ақшаға не болады?
Жауап:
Мақсатты талаптар қатысушысының қайтыс болуы жағдайында, ақша қаражаты мұрагерлік ретінде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте таратылады.
Қайтыс болған мақсатты талаптар қатысушысының мұрагері (мұрагерлері) ЕҰҚҚ-ға қайтыс болған тұлғалардың мақсатты жинақтары ЕҰҚҚ-тағы мақсатты жинақ шотына түскеннен кейін ғана жүгінеді.