|
1. Балаңыздың «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушы болғанын қалай тексеруге болады?
|
Тексеру үшін kids.enpf.kz сайтына кіріп, «Қатысушыны іздеу» бөліміне баланың ЖСН енгізіңіз. Содан кейін «Тексеру» түймесін басыңыз. Осыдан кейін сіз балаңыздың бағдарламаға қай жылдан бастап қатысушы болғаны туралы ақпаратты және жинақталған мақсаттық талаптарының жалпы сомасын білесіз.
|