Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Құжатқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Тлепов және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Мамырбаев қол қойды. Келісімнің негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын толық әрі тиімді жүзеге асыруға жағдай жасау.
Меморандум шеңберінде осы бағыттағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешу, тәжірибе алмасу, кездесулер мен кеңестер ұйымдастыру, сондай-ақ бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізу көзделіп отыр.
Бұл бастама – қоғамдағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.