«ЦОН» мобильді қосымшасында автокөлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге болады
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қызмет іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түрлері кеңейді. Азаматтардың "әдемі" нөмірлерге деген қызығушылығының артуына және көлік тіркеу барысында нөмірлік белгіні таңдауға деген қажеттіліктердің туындауына байланысты бұл тізімде "қалаулы" нөмірлер немесе бірінші және соңғы сандары бірдей "айна" нөмірлер де бар.