Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

бойынша атқарылған жұмыстар

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай ЖАО) 52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші қызмет түрімен қосқанда 96) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • Электрондық түрде –42 қызмет(43,8%);
  • Қағаз түрінде – 3 қызмет (3,1%);
  • қағаз түрінде (баламалы) – 51 қызмет (53,1%).

2025 жылдың қорытындысы бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен  қағаз түрінде 416 мемлекеттік қызметтер электронды түрде 2916 қызмет көрсетілген.

Оның ішінде:

  • электронды түрде– 416 қызмет;
  • қағаз түрінде–2816 қызмет;

 

Бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Сондай-ақ ағымдағы жылы  мерзім бұзу фактісі орын алған жоқ. 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Т.Рысқұлов ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай ЖАО) 52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші қызмет түрімен қосқанда 96) көрсетіледі. Оның ішінде: - Электрондық түрде –42 қызмет(43,8%); - Қағаз түрінде – 3 қызмет (3,1%); - қағаз түрінде (баламалы) – 51 қызмет (53,1%). 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен қағаз түрінде 416 мемлекеттік қызметтер электронды түрде 2916 қызмет көрсетілген. Оның ішінде: - электронды түрде– 416 қызмет; - қағаз түрінде–2816 қызмет; Бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Сондай-ақ ағымдағы жылы мерзім бұзу фактісі орын алған жоқ. Ішкі бақылау жұмыстары бойынша ЖАО ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 4 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 4 жергілікті атқарушы орган қамтылды (аудан әкімдігінің денешынықтыру дәне спорт бөлімі, Луговой ауылдық округі әкімінің аппараты, Құлан ауылдық округінің аппараты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (әрі қарай - департамент) тарапынан «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына сыртқы мониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде мониторинг барысында мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бұзудың 1 дерегі анықталып, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөліміің жауапты маманына ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылды. ЭЦҚ-ны пайдалану барысында орын алған бұзушылықтар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан бірінші басшыларының іс-сапарда, кезекті еңбек демалысында, біліктілігін арттыру бойынша оқу демалысында, еңбеккке жарамсыздық парағында болу кезеңінде ЭЦҚ-лары пайдаланылғаны бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Ағымдағы жылға ЭЦҚ қолдану бойынша заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Барлық бөлім басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне жұмыста болмаған жағдайда ЭЦҚ қолданбау туралы ескертілді. «Сервистік әкімдік» бойынша Аудан тұрғындарының өтініштерін қабылдау және толғандырған сұрақтарын бір жерден қанағаттандыру мақсатында аудан әкімдігіне қарасты ғимаратының 1-ші қабатында «Сервистік әкімдік» орталығы ашылды. Аталған орталықта аудан әкімдігіне қарасты 4 бөлім қызмет көрсетуде олар: жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің мамандары орналасып, халыққа қызмет көрсетеді. «Сервистік әкімдік» арқылы ауыл тұрғындары консультативті көмек және электронды қызметтердің көптеген түрлерін алады. Азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын және халыққа мемлекеттік қызметтерді бір ғимарат ішінде алуға мүмкіндік беретін жаңа сервистік әкімдік ашықтық пен қолжетімдік талаптарына сәйкес әрі жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін азайтуға ықпал етеді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары Т.Рысқұлов аудан әкімі аппараты, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді аудандық ХҚКО бармай-ақ өз бетінше алу үшін 15 ауыл және ауылдық округ әкімдіктерінің ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, ауылдық округ әкімі аппаратынын бір маманына жүктеліп, интернет желісі қосылған жұмыс компьютерінде egov.kz порталынан қызмет алуға келген ауыл тұрғындарына ЭЦҚ арқылы қызметтер көрсетілуде. Аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстары туралы 2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 21 ЖАО-ның қызметкерлері өтті. Есепті мерзімде ЖАО 43023 адамды қамтыған 79 іс-шаралар өткізді. Қоғамдық кеңес отырыстары Осы мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары бойынша 4 қоғамдық кеңес отырысы (Құлан ауылдық округі әкімінің аппараты, ЖКХ бөлімі, Луговой ауылдық округінің аппараты, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі) өткізілді. Қоғамдық кеңестің хаттамалық тапсырмасына сәйкес тиісті ұсынымдар ауылдық округ әкімдері тарапынан және бөлім тарапынан уақытылы орындалып жауабы берілді.
Дата публикации
27 января 2026