Жамбыл облысында 30 мыңнан астам әлеуметтік мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетілді
Жамбыл облысында тұрғындар мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта алу тәсілін жиі пайдаланып келеді. Бұл форматта әлеуметтік төлемдер азаматтың өтінішінсіз, SMS-хабарлама арқылы автоматты түрде тағайындалады. Ағымдағы жылдың 11 айында өңірде барлығы 31 375 әлеуметтік қызмет проактивті түрде көрсетілді.