АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«БЖЗҚ» АҚ мамандары жинақтаушы зейнетақы жүйесі
туралы бірегей шеберлік сабағын өткізеді
Семинарға офлайн немесе онлайн қатысудың таптырмас мүмкіндігі
Жыл сайын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі БЖЗҚ, Қор) БАҚ өкілдерін, блогерлерді, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттерін барлық мақсатты аудиториялар үшін қызықты болатын жедел және өзекті материалдарды дайындау құпияларымен бөлісу үшін жинайды.
Биыл бұл іс-шара аралас форматта ұйымдастырылмақ: БЖЗҚ-ның Алматы қаласындағы Орталық аппаратында (Самал-2, 97-үй) офлайн өткізілсе, еліміздің басқа қалаларындағы тыңдаушыларымыз бен спикерлер шараға онлайн қосыла алады.
2025 жылдың 20 қарашасында баяндамалар орыс тілінде, 21 қарашасы күні қазақ тілінде 10-00 бастап 12-00 дейін оқылады.