Құрметті журналистер, блогерлер,
журналистика факультетінің студенттері!
Қазақстан Республикасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Сіздерді жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты қаржы журналистикасының онлайн-мектебі семинарына қатысуға шақырады. Іс-шара зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақпарат таратуға және оқытуға бағытталған. 2025 жылғы 20 қарашада (бейсенбі) орыс тілінде және 2025 жылғы 21 қарашада (жұма) қазақ тілінде офлайн және онлайн форматта өтеді.
Қор сарапшылары әлемдегі зейнетақы жүйелерінің негізгі түсініктері мен түрлері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері, Қазақстандағы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі туралы әңгімелейді. Семинар барысында сіздер зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы тақырыбымен танысасыздар, атап айтқанда - зейнетақы активтері қайда және қалай инвестицияланатыны туралы. Сабақ барысында зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру және инвестициялық портфельді басқарушыны қалай дұрыс таңдау керектігі туралы да толыққанды мәлімет ала аласыздар.