Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету сапасын арттыру үшін
оқыту іс-шараларын ұйымдастыруда
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін жетілдіруге және заманауи тәжірибелерді енгізуге бағытталған оқыту іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді.
2025 жылдың басынан бері корпорация мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне кәсіби дағдыларын дамытуға, сапалы әрі ашық мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін бірқатар оқытуларды іске асыруда.