Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледжінде студенттерге арналған қонақ дәріс өтті.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Әбдіровпен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Құлан агротехникалық жоғары колледжінде студенттерге арналған қонақ дәріс өтті.
🎓 Дәріс «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі» тақырыбында өтіп, студенттерге сайлау жүйесі туралы маңызды мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берілді.
✨ Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Дата публикации
17 сентября 2025