О создании Клуба молодых избирателей при территориальной избирательной комиссии района Т.Рыскулова

Т.Рысқұлов аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы жанынан

Жас сайлаушылар клубын құру туралы  

 

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабының 11-1)-тармағына және 12)-тармағына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан жас сайлаушылар клубы форматында диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл нысандары құрылсын.
  2. Жас сайлаушылар клубының жұмысын жоспарлап, үйлестірудегі мемлекеттік мекемелер келісімі №1 қосымшаға сәйкес рәсімделсін.
  3. Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан құрылатын жас сайлаушылар клубы туралы Ереже №2 қосымшаға сәйкес бекітілісін.
  4. Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлескен жылдық шаралар кешені жоспарлары әзірленсін.
  5. Жас сайлаушылар клубын құру туралы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ералы Ермекұлы Әлібаевқа жүктелсін.
  6. Осы қаулы Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылсын.

 

Төраға                                                     М.Тлепов

Хатшының міндетін

атқарушы                                              Н.Копбаев

 

Дата публикации
12 сентября 2025