2025 жылғы 24 тамызда өткен Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

      2025 жылғы 24 тамызда Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

      Сайлаушылар тізіміне 2024 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1464 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 37 сайлаушы қатысты.

      Кандидаттардың жалпы саны - 4.

      Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

      Ахметов Әлімхан Азаматханұлы үшін сайлаушылардың 13 дауысы берілді,

      Жайлыбаев Досымжан Алтынбекұлы үшін сайлаушылардың 656 дауысы берілді,

      Жапар Бекболат Әбітханұлы үшін сайшылардың 8 дауысы берілді,

      Ибрагимов Мият Садырұлы үшін сайлаушылардың 732 дауысы берілді,

      «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 9.

      Сайлау қорытындыларымен: Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Ибрагимов Мият Садырұлы сайланды. 1971 жылы туған, Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімінің №3 шағын орталықты орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Қызылшаруа ауылының тұрғыны.

                                                                                 Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 августа 2025