«Blockchain» технологиясы Мемлекеттік қызмет көрсету жылдамдығын қалай арттырады
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы серіктес банктермен бірлесіп «Blockchain» технологиясы арқылы заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлік кепіліне тіркеу сервисін іске қосты.
Бұл сервис Мемлекеттік корпорация мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясындағы жобалардың жалғасы.
Заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, онлайн рәсімдеу арқылы несие беруді жеңілдету сынды банк саласындағы «Blockchain» технологиясының мүмкіндіктерінің арқасында мәмілелерді тіркеуге жұмсалатын уақыт бірнеше есе қысқарады. Нәтижесінде, құжат жинау қажеттілігі мен қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің бетпе-бет кездесу талабының жойылуының арқасында кепілді тіркеу мерзімі 3 күннен 1 сағатқа қысқарады