Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының 1-тармағына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 24 тамызға Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 24 тамызға тағайындалған Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Құлан Таңы» газетінде жариялансын.
Төраға М.Тлепов
Хатшы А.Садық
Құлан ауылы,
16 шілде 2025 жыл
№5