Хабарландыру
"БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні:
зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамыз
2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) онлайн-форматта "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.
Мақсаты – халықтың зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері, сондай-ақ тікелей "БЖЗҚ" АҚ-дан сенімді ақпарат алудың маңыздылығы туралы түсініктерін арттыру.
Іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға ақпаратты ресми көздерден және тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екендігі, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатындығы, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екендігі туралы түсініктемелер беріледі.