«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағы 7) тармақшасына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округіне әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген кандидат Бекет Кадирович Жиенкуловқа қатысты жүргізілген арнайы тексерудің теріс нәтижесі негізінде, Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Бекет Кадирович Жиенкуловты кандидат ретінде тіркеу туралы 2025 жылғы 25 сәуірдегі хаттамалық шешімінің күші жойылды.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы