«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 18 мамырға Т.Рысқұлов ауданы Абай, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Қайыңды, Қорағаты, Өрнек және Тереңөзек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Т.Рысқұлов ауданы Абай, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Қайыңды, Қорағаты, Өрнек және Тереңөзек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Құлан Таңы» газетінде жариялансын.
Төраға М.Тлепов
Хатшы А.Садық
Құлан ауылы
09 сәуір 2025 жыл
№2